Сондай – ақ, бұл деңгей балаға өзін қосымша жұмыста көрсетуге де
мүмкіндік береді. Материалды қайталауға əр деңгейдегі тапсырмаларды еркін
талдау əдістемесі кеңінен қолданылады.
Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық жəне сарамандық жұмыс
тапсырмалары үшін дайындалатын дидактикалық материалдарын деңгейлік
нұсқасын бөлуге болады. Бірінші (С) нұсқасы оқытудың міндетті нəтижесіне
сəйкес. Екінші (В) нұсқасы оқулықтан қосымша есептер мен
жаттығулардың енгізілуін көздейді. Үшінші (А) нұсқасы қосымша оқу -
əдістемелік əдебиеттермен алынған тапсырмалардан тұрады.
Әр пəндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзіне базалық білім
минимумы қамтамасыз етілуімен қатар əр жеке тұлғаның шығармашылық
дамуына да кеңістікташылады.
Білімді бақылау кезінде деңугейлеу тереңдей түсіп, əрбір оқушының
жетістігі есепке жеке алынады.
Пəнішілік деңгейлеу əдістемесінің қағидалары мен мазмұны «толық
меңгеру» əдістемесімен ұқсас. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық
игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы
сыныптық, топтық жəне жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық
стандарт деңгейіндегі оқушылардың білімдегі алшықтықты анықтауға
мүмкіндік береді.
Ол үшін келесі сабақ түрлері қолданылады: топтармен жұмыс (столдар
бойынша, қатар бойынша); ой толғау; сұхбаттасу (тұрақты жұптар,
динамикалық жұптар); модульдік оқыту; семинарлық – сынақ жүйесі; сыныптан
тыс қосымша жеке сабақтар; жеке көмек; кеңес.
Достарыңызбен бөлісу: