педагогикалық сурет аса маңызға ие. Мұндай сурет оқушылардың көз алдында
салынып, əрқайсысы анықтамамен, түсінікпен толықтырылып отыру керек.
Педагогикалық сурет өз жұмысына көру, есту, ойлау, қол жұмыстарын
қатыстырады. Оқушылар салынған нысандарды тануы, салыстыра білуі керек.
Оқушылар тақтада суреттерден схема жаау арқылы дра жəне қос жарнақты
өсімдіктердің тұқымдарының бөліктерін құрастыра алатын болады. Ал,
жануартанудан бақаның, көбелектің даму схемасын, жануарлардың жүйке
жүйесінің дамуы, жүрегінің даму схемасын көрсетеді. 8-сыныпта асқорыту
мүшелерінің құрылысы, т.с.с. оларда жүретін процестерге байланысты схемалық
суреттер жасайды.
Таблицаларды пайдаланғанда шетінен, біртіндеп пайдаланған дұрыс. Егер
барлық таблицалар түгел ашық тұрса оқушылардың назары жан-жақта болады.
Биологияны оқытуда оқулық кинофильдерді көрсету үлкен маңызға ие.
Кинофиольмдер басқа көрнекі құралдарға қарағанда өз ртықшылығы бар.
Ол бүкіл процесті, қимылды, іс-əрекетті көрсетеді. Оқулық кино көрсету
алдында оқушыларға сұрақтар беріліп, бұл сұрақтарға жауапты фильмнің
соңында немесе əрбір бөлімнен кейін берулері тиіс. Мұғалім арасында
түсініктемелер беріп отырады.
Оқушылардың сабақ жауап беруде қолданатын көрнекі əдіс-тəсілдер:
• Нысандарды толық немесе оның бөлігін көрсету;
• Таблицадағы берілгендерді түсіндіре алу;
• Табиғи нысандарды салыстыра білу;
• Қойылған тəжірибе немесе құралдың жұмысын түсіндіру;
• тақтадағы суреттерге, схема, кеппешөптерге сипаттама беру.
Достарыңызбен бөлісу: