Конрад Аденауэр атындағы Қор


Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы: өтпелі



Pdf көрінісі
бет108/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы: өтпелі 
экономикасы бар елдер үшін сын-тегеуріндер мен 
мүмкіндіктер
Арман Қашқынбеков
Дамушы елдерде немесе өтпелі экономикасы бар елдерде жаңартыла-
тын энергияны дамыту бірнеше жыл бұрын АҚШ пен Еуропалық Одақ 
елдерінде үлкен табыстарға жеткеннен кейін басталды. Жаңартылатын 
энергия бойынша жаһандық нарықта нақты және қол жеткізген жетістігі 
бар әлемдік көшбасшы Қытай елі болып табылады. Өнеркәсіптегі ақпа-
рат АҚШ пен Еуроодақтың қазіргі уақытта электр энергиясын өндіру мен 
реттеу саласындағы тұрақтылық мәселелеріне назар аударып жатқанын, 
ал дамушы елдер тез қарқынмен дамып келетінін көрсетеді.
Дамушы елдердегі инвестициялар бірнеше жыл бұрын дамыған елдерге 
салынған қаражаттан асып түсті және олар өсіп келеді. Сонымен қатар, 
жаңартылатын энергетика біржолғы инвестиция есебінен мұнай, газ 
және көмірге дәстүрлі инвестициялар деңгейінен асып түсті. Кейбір 
елдер әлі де түпкілікті тұтынушылар үшін жаңа энергияның тартымды-
лығы туралы пікір таластырып жатса, басқалары күшті көшбасшылыққа 
ие болуда. АҚШ-да бұл жұмыс Обама әкімшілігінің қызметімен күшейіп, 
кеңінен қоғамдық қолдау тапқан «Миллион күн панелі» бағдарламасы 
жасалды. Калифорнияда қуаты 500 МВт болатын ірі күн электр станциясы 


184
Қазақстан экономикасының трансформациясы
салынды және іске қосылды. Болашақта шығарылатын электр энергиясы-
ның жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артады 
деп болжануда. Ақ үйдегі жаңа үкімет осы оң үрдістерді көмірді өндіруге 
байланысты өзгертуге тырысуда.
Германияда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 30%-дық шекті 
деңгейден асып кетті, ал билік органдары өндіріс ұйымдарынан тұрақты 
энергия ағынын қамтамасыз ету және тарифтердің деңгейін одан әрі 
төмендету мақсатында аукциондық жүйені енгізу арқылы саланы қатал 
әкімшілендіруді енгізуді шындап ойластырды. Мемлекеттің салалық инве-
стицияларға жұмсалған 130 миллиард еуроға бағаланатын талдамалық 
бағалары осы елдің баламалы энергия көздеріне ауысу жоспарларының 
маңыздылығын бүкіл әлемге көрсетеді.
Кішігірім жер ресурсы бар Жапония Тынық мұхитында күн станцияларын салу 
туралы шешім қабылдады. Фукусима-1 АЭС-да болған апат билік органдары-
ның тиімді және экологиялық таза энергия көздеріне көшуге әсерін тигізді.
Дания мен Швеция секілді скандинавиялық елдерде жалпы энергия 
теңгерімінде 70–90% шегіне жету үшін жаңартылатын энергетика секторын 
дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Бүгінгі таңда 
Дания бұл энергия көздерінің есебінен көптеген ішкі қажеттіліктерді қам-
тиды және көршілес елдерге экспорттық мүмкіндіктерін де қарастырады.
ТМД елдерінің арасында Украина газды жеткізуге байланысты белгісіздік 
жағдайында бүкіл ел бойынша жаңартылатын энергия көздерін жедел және 
толық көлемде енгізуді бастаумен айналысуда, бұл 2016 жылы белгілен-
ген қуаттылықтың бір гигаватының маңызды кезеңін еңсеруге алып келді.
Ең жағымсыз тәжірибе Испанияда, онда үкімет бастапқы кезде жаңар-
тылатын энергия көздерін өндірушілерге жоғары тарифтер түрінде өте 
үлкен материалдық көмек көрсетті, бұл испан энергетикалық желілерінің 
тұрақсыздығына және саланың бұрыс дамуына әкелді.
Қазақстан 2013 жылы жаңартылатын энергия көздерін қолдау туралы 
алғашқы заңды Парламент қабылдағаннан кейін бастаған болатын, 
яғни күн, жел, гидроэнергетика және биомасса жобаларын бастау үшін 
тарифтік мөлшерлемесін қолдау жүйесін құрды. Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш Президентінің еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі 
жаңа тұжырымдамасына қол қоюы тағы бір маңызды қадам болды, мұнда 


185
Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы:
өтпелі экономикасы бар елдер үшін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер
жаңартылатын энергетика дамудың басты векторы болды. Жаңартылатын 
энергетиканы дамытуға күшті қолдау болған дербес Қоршаған ортаны 
қорғау министрлігі болуы еді, ол кейінірек Энергетика министрлігіне құра-
мына кіріп, мұнай, газ, көмір және уран саласындағы басқару үдерісін 
үйлестіруші органға айналды.
Электр қуатының жалпы балансында 2020 жылға қарай 3%-ға, 2020 жылға 
қарай 10%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жаңартылатын энергия 
деңгейіне жету үшін нақты мақсаттар белгіленді.
2014 жылы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде үкімет өндірушілер 
үшін белгіленген тарифтерді бекітті: күн станциялары үшін 34,61 теңге / 
кВт*сағ. (ҚҚС-сыз); жел станциялары үшін 22,68 теңге / кВт*сағ.; шағын 
гидроэлектростанциялар үшін 
16,71 теңге / кВт*сағ., мұнда шағын гид-
роэлектростанциялар ретінде қуаты 35 МВт дейінгі бөгетсіз және биогаз 
қондырғылары үшін 32,23 теңге / кВт*сағ. болатын станцияларды қосуға 
арналған шағын ГЭС (бұдан әрі – ГЭС) түсініледі.
Сол кездегі АҚШ долларына шаққандағы теңгенің айырбас бағамын, яғни 
1 доллар үшін 182 теңгені ескере отырып, тарифтер инвестициялық тар-
тымды болды, бұл осы саладағы ірі және шағын жобаларды іске асыруға, 
сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторлар тарапынан салаға 
деген қызығушылықтың артуына алып келді.


186
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Сол уақыттан бері Жамбыл облысындағы қуаты 50 МВт (елдің оңтүстігіне 
қарай) болатын «Бурное Солар-1» күн электр станциясы, Ақмола облысында 
қуаттылығы 
45 МВт Ерейментау жел электр станциясы (еліміздің солтүстігі), 
Астанада күн панельдерін жасауға арналған зауыт және Қапшағай ауда-
нында шағын күн электр станциясы іске қосылды. Осының бәрі мемле-
кеттің тікелей қолдауымен ұлттық компаниялардың қатыстыру арқылы 
мүмкін болды. Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Еуразия-
лық даму банкі (ЕАДБ), «Жасыл энергия» қоры (GEF) сияқты халықаралық 
қаржы институттары қажетті қаржылай көмекті көрсетті. Келесі тұрақты 
шаралар нарыққа шығу және жобаларды іске асыру мақсатында жеке 
бизнес үшін инвестициялық- тартымды режимді құру.
Жаңартылатын энергетика саласындағы ахуал бір жылдан кейін айтар-
лықтай өзгере бастады және 2016 жылы электр қуатына, ең алдымен 
мұнай мен газға әлемдік бағалардың күрт төмендеуі нәтижесінде респуб-
ликалық бюджетті толтыру кезінде елеулі қиындықтарға тап болды. Бұл 
сондай-ақ басқа да ірі әлемдік валюталарға қатысты, негізінен АҚШ дол-
ларына қатысты ұлттық валютаның айырбас бағамына әсер етті. Теңге 40%-
ға әлсіреді, бұл теңгенің құнсыздануына – 1 долларға 182 теңгеден дейін, 
кейін
1 долларға 345 теңге аралығына дейін жоғарылауына алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет