номикаларының біркелкі болуы кедергі келтіреді. Олардың барлығы
негізінен шикізаттық болып табылады. «Орталық Азия елдерінің экспорт-
тау құрылымында үлестің 55%-тен астамы мұнай, алтын, газ және металл
кендерін қосқанда үш қана тауар тобына келеді. Қазақстанда бұл концен-
трация ең жоғары – 66,5%. Мұнайды өндіру және экспорттау (жалпы экс-
порттың 53%) ұлттық экономиканың локомотивтері болып табылады, ал
ел өндірістегі әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Өзбекстан
мен Түрікменстанда тек қана ішінара дамыған газ қоры бар, ал Қырғыз-
стан мен Тәжікстан алтын қорына ие. Қырғызстанның экспортының 50%-ы
алтынға (Тәжікстанда 17%), ал Тәжікстан экспорттың құрылымында 30%-ы
алюминий экспортына сүйенеді»
4
.
• Бір емес, бірнеше өлшемде: қауіпсіздік, экономика, адам капи-