Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет176/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   178
Байланысты:
Book KAZ final

Мүсілім Хасенов – құқықтану ғылымдарының докторы (PhD), Л. Н. Гуми-
лев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Еңбек және корпо-
ративтік құқық ғылыми- зерттеу институтының директоры. 2010 жылдан 
бастап ол Конрад Аденауэр қоры тағайындаған стипендияның иегері. ҚР 
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында (2013–2016 жж.), сондай-ақ 
ғылыми және басқа да ұйымдарда жұмыс істеді. 2018 жылы «Заң ғылы-
мына қосқан үлесі» номинациясы бойынша «Жылдың үздік жас заңгері» 
байқауында 1-орынға ие болып, Тұңғыш Президент Қоры тағайындаған 
премияны иеленді. Бірқатар монографиялардың, оқулықтардың және 
ғылыми мақалалардың авторы (тең авторы).


342
Қазақстан экономикасының трансформациясы
***
Петро Токарь – БЛКЖО ОК жанындағы ЖКМ тарих факультетін (Мәскеу 
қ.), Ужгород Мемлекеттік университетінің экономика факультетін (УжМУ, 
Ужгород қ.), Ресей басқару академиясының аспирантурасын (Мәскеу қ.) 
бітірген, тарихшы, экономист, әлеуметтанушы, философия ғылымдары-
ның кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің құрметті профессоры (2013 
ж.), Массачусетс технологиялық институтында экономикалық әлеумет-
тану бойынша тағылымдамадан (АҚШ, 1996, 2000 жж.) өткен. Украинада 
басқарма бастығы, Украина мемлекеттік әкімшілігі Закарпат облыстық 
басқарма бастығының орынбасары (1993 ж. бастап), Закарпат мемлекеттік 
университетінің проректоры және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 
кафедра меңгерушісі (1999 ж. бастап), Украина ҰҒА-ның Закарпатье Әлеу-
меттік- экономикалық және гуманитарлық зерттеулер ғылыми- зерттеу 
орталығының директоры (2000 ж. бастап) қызметтерін атқарды. 2002 жыл-
дан бастап Словакияда және 2009 жылдан бастап Қазақстанда диплома-
тиялық миссияда.
1996 жылдан бастап Закарпатье әлеуметтанушылар қауымдастығының 
төрағасы, 
1985 жылдан бастап Украина әлеуметтанушылар қауымда-
стығының мүшесі, 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
***
Эльмира Отар – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Әлеуметтану» кафедра-
сының кафедра меңгерушісі. Қазақстан Республикасындағы қалалық орта 
тап ерекшеліктерін зерделейді, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты. 
Будапештегі Корвинусте (Corvinus University of Budapest) ғылыми тағылым-
дамадан өткен. 2005 жылдан бастап әлеуметтану және оларды басқару 
саласындағы ғылыми жобалар бойынша тәжірибе жинақтады. Қазақстан 
Республикасы Президентінің сайлауы аясында (2005 және 2011 жж.) екі 
Exit poll ұйымдастырушы болды. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Мәдени-
еттер мен діндердің халықаралық орталығының сарапшы- әлеуметтану-
шысы. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің эксперименттік білім беру бағдар-
ламалары бойынша жұмыс тобына кіреді. «Әлеуметтік қамсыздандыру» 
бағыты бойынша ОӘБ РОӘК құрамының мүшесі.
***


343
Авторлар туралы ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет