Балабақшадағы ұлттық ойындарды ұйымдастыру Жоспар



Pdf көрінісі
Дата06.02.2022
өлшемі112,51 Kb.
#81276


Балабақшадағы ұлттық ойындарды ұйымдастыру
Жоспар:
І. Кіріспе
Ойын тәрбие құралы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ойын арқылы баланың санасың жетілдіру
2. Ұлттық ойын ұлттық тәрбиенің бір бөлігі
ІІІ. Қорытынды.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие
беру-қазіргі міндеттердің бірі.
Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен
адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани
мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге
асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік,
қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-
қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының
мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды оқу қызметті кезінде қолдану
бүлдіршіндердің ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына
сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы
ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар
бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп,
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын,
бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру
үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр
түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,
жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды
қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері
сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу
мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің
халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе
жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады.
Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады.
Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі
қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне
ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп,
өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне


еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен
қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге»,
«Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын
дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға
жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық,
шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол
арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын
баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп,
оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа,
үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру,
қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында
жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай
дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін
танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі
балалардың құлағына құйып береді.
Әтеш – шақырады
Есек – бақырады
Күзен – шақылдайды
Бақа-бақылдайды
Шыбын – ызылдайды
Шіркей ызындайды
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі
ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын
ескеруіміз керек:
- ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
-ойынның басталуы мен ойналу барысы;
- ойынның аяқталуы.
Дене тәрбиесі іс -әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан
тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік ,
шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын
нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын
араласып, тату, ұйымшыл болып өседі. Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
- көңілді болып жақсы демалады;
- денесі қимылдап, бойы сергейді,
-миы тынығады;
-ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып,
балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін,
мүмкіндіктерін арттыру;
- қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін
қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай


алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу; жас
ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге
дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
-балалардың денсаулығын нығайту;
-денені шынықтыру;
-мәдениетін қалыптастыру;
-өзін-өзі тәрбиелеу,
-өзін-өзі жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері: қажетті дене қозғалыс дағдыларын,
танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру; қалыптастыратын дене жаттығуларының
негізгі түрлерімен балаларды таныстыру; денсаулықты нығайтуға бағытталған
қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға
меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту; Оқу іс-әрекеттерінде
бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады.
Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда
тәрбиешінің өз еркінде.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да
оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән
салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-
әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол
мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой,
адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі
ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық,
тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік
арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік
шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп
салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша
тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін
қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.
Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып,
бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке,
қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа:
«тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге
алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды
жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде
осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық
көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің,
мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері. Қазақ балаларының ұлттық


ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О
рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор,
1891) атты еңбегін атауға болады. Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының
өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына
дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың
денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының
қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары
А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім
берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын
құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп
тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы.
Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі,
ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке
ұмтылуы,
шыдамдылық,
т.б.
құндылықтарға
мән
берілуі

халық
данышпандығының белгісі. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер
қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3 Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7.Аттракциондық-көрініс ойындар. Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын
спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ
ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде
пайдалануға ұсыныс жасайды.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын –
баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға
ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға
алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі
мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың
қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше
әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу
жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз
байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек
ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге,
зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса
көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады:
«Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші
артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі,
тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық
дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік
мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал


келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын
дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды
қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.
Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:
Арқан тарту.
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі
жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз
жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала
өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Орамал тастамақ
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір
баланың артына орамал тастап каетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала
менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,
тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып
тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Ақсерек-көксерек.
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.
Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек
2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан
қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып
қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Қыз –қуу
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп
қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын
жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.
Түйілген орамал.
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына
жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай
қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол
орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша
ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы
көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші
ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.
Соқыр теке.
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар: Бота,
бұзау, қозы, лақ Қайда кеткен құлыншақ Соқыртеке бақ-бақ Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды
қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап
алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай
жалғаса береді.
Сақина жасыру Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.
Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы


жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба
қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың
біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол
баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы
ойынды осылай жалғастыра береді.
Қуыр-қуыр қуырмаш.
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп
қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:
-ортанғы саусағымды тапшы,-
дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан
шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл
тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен
сөздерді жақсы білуі керек. 1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың
атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек,
кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай
деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар.
Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар
Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр. Енді осы шынашақтың өзі
алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр ,қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола
беріп:
Мына жерде қой бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең
соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды
Хан талапай.
Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес
үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан
ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің
қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы
ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар
аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы
түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан
кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына
ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда
үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-
алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей
қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде


асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға
беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.
Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала
белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту:
Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап
түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі
керек.Себебі ол –хан.
Аударыспақ
Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат»
жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір
жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –
біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған
қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне
қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не
итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып
түсуі
шарт.Аяқты
жерге
ағаш
атқа
тіреуге
болмайды.ойын
шарты
бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу
керек.
Теңге ілу.
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке
шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30
метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан
тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып
тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба
жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп
алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр
сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай
жинаса,сол топ жеңеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітап авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
2. « Қазақтың ұлттық ойындары» кітап авторы: Е. Сағындықов
Алматы «Рауан» 1991 ж.
3. Ақ сандық, көк сандық – Алматы «Жазушы» 1988 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет