98
31.05.2002), «
Отпан таудың басына пантеон салуға қарсымыз!
»
(ЖА. – 16.06.2015).
2)
Бұйрық райлы тақырыпаттардың
соңында да леп белгісі
қолданылады: «
Жерiңе табын, адамдар!
» (АТ. – 3-9.07.2003), «
Бұл
жолы қателеспейiк!
» (Айғ. – 17.09.2008), «
Елдiктiң егеулi найзасы
бол, қаламгер!
» (З-Қ. – 26.04.2002), «
Айманды тыңдаңыз, Аслан
мырза!
» (ЖА. – 11.06.2015).
Сызықша
.
1)
Тілдік
нормаға сай, бір сөз
табынан болған бастауыш пен
баяндауыштың арасына қойылатын сызықша: «
Еңбек түбі – береке
»
(ЕҚ. – 05.01.2013), «
Тұғырымыз – тыныштық, тiрегiмiз – тұрақтылық,
тiлегiмiз – татулық
» (Айғ. – 02.05.2012), «
Нашар жол – азап, әлемге –
мазақ
» (З-Қ. – 02.08.2002).
2)
«Не – кімге», «кім – қайда», «не – не үшін»
деген сынды
үлгілер бойынша құрастырылған тақырыпаттар: «"
Дарын" сыйлығы –
дарындыларға
» (ЕҚ. – 25.12.2002).
3)
Құрмалас
сөйлемнің
құрамындағы
жай
сөйлемдердің
арасындағы мағыналық байланысқа сай сызықша қолданылуы мүмкін:
«
Қарыз алдың ба – қайтар
» (СС. – 09.11.1996).
4)
Тілші нақты бір сөзге (не сөз тіркесіне)
оқырман назарын
аудару мақсатында, тілдік норма бойынша сызықша қойылмауы керек
жерде де осы тыныс белгісін қолданып жатуы жиі ұшырасады: «
Қазақ
әнi – құның неге құлдырады?
» (З-Қ. – 05.02.1999), «
Болғанда қайрақ –
тастан, қайрат – жастан
» (З-Қ. – 19.10.1993), «
Ұлың – құл, қызың –
күң болсын... Жерiңдi сат, қазақ!
» (Ақ. – 2002. №9), «
Отан – оттан
ыстық немесе... "Мүсәпiр" софрасындағы мұңлық
» (П. – 2008. №12).
Достарыңызбен бөлісу: