96
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық
ойлауын, кӛркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау
қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, кӛзбен
нақты мӛлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін
әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың
материалын мұғалімнің ӛзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Кӛркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың
АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл кӛркем
жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды
пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту,
шығармашылық
жұмысты
жасау
үшін
басқа
білім
алушылармен
ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.
«Кӛркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің ӛзі анықтайтын әртүрлі
кӛркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте кӛркемдік-
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау;
- бейнелеу;
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау
барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін
сақтаулары қажет.
Достарыңызбен бөлісу: