Арнайы мектептерде/сыныптарда оқушыларды оқыту дамуының
бҧзылым тҥрлері бойынша ҧйымдастырылады:
-
есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған;
-
кӛру қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған;
-
ауыр тілдік бұзылымдары бар балаларға арналған;
-
тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар балаларға арналған;
-
психикалық дамуының тежелісі бар балаларға арналған;
-
зияттық бұзылымдары (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бар
балаларға арналған.
Арнайы мектептердегі/сыныптардағы бастапқы деңгейде оқу-тәрбие
процесі келесідей нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы «Тиісті түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережесін
бекіту туралы» № 595 бұйрығы;
-
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
Министрінің
102
2017 жылғы 14 ақпандағы «Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері
қызметінің Үлгілік ережесін бекіту туралы» № 66 бұйрығы;
-
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
Министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500
бұйрығы;
- Ерекше білім беру қажеттігі бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу
бағдарламалары (ҚР БҒМ 05.02.2020 ж. № 51 бұйрығы).
1-ші сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы -33 оқу апта, 2-4 сыныптарда
-34 оқу апта. Есту, кӛру қабілетінің, тірек-қозғалыс аппаратының, ауыр тілдік
бұзылымдары бар, психикалық дамуының тежелісі бар оқушыларға арналған
Үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бӛлігінің жалпы білім беру
пәндерінің тізбесі және олардың негізгі мазмұны Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес
келеді (ҚО БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). Оқыту оқушылардың
писихикалық-дене ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріліп,
бастауыш орта білімнің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген арнайы оқу
бағдарламасы
(бағдарламалар
Академияның
–www.nao.kz
сайтында
орналасқан) ретінде де, жалпы білім берудің оқу бағдарламасы ретінде де
пайдалану арқылы іске асырылады. Оқу процесінде арнайы ОӘК, және де
жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК қолданылады. Кӛрмейтін
балаларды оқыту жалпыға білім беретін мектептерге арналған Брайль қарпімен,
ал нашар кӛретіндер үшін ірілендірілген қаріппен басылған оқулықтар
бойынша жүзеге асырылады.
Зияттық бұзылымдары бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу
бағдарламалары бӛлімдерінің және оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу
бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұны МЖБС талаптарына
бағдарланбаған. Оқу процесі жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес арнайы оқулықтар
мен оқыту әдістемесін пайдалану арқылы арнайы оқу бағдарламалары бойынша
іске асырылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар саны жеткілікті
болғанда осы оқушылар үшін арнайы сыныптары бар екінші бӛлім ашылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламаларынының негізінде жасалған
Үлгілік оқу бағдарламаларына және жеке оқу бағдарламаларына сәйкес, және
де сынып педагогы мен психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету
мамандарының оқушыны кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеулері
негізінде жүзеге асырылады. Жеке оқу бағдарламасы жарты жылға жасалады,
оқытудың жеке бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін, әрбір оқушының
жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жарты жылға жеке оқу бағдарламасы
жасалады. Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, білімдік және жеке
жетістіктерінің мониторингі нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын,
әдісін, нысанын, дидактикалық құралдарын дербес таңдайды. Екінші бӛлімнің
сыныптарында оқыту мазмұны мыналарды қалыптастыруға бағытталады: ӛзі
туралы түсінік; ӛзіне қызмет кӛрсету және ӛмір сүруді қамтамасыз ету
103
дағдылары; қоршаған орта туралы және ортада бағдарлану туралы қол жетімді
ұсынымдар; коммуникативтік біліктер; пәндік-практикалық және қолжетімді
еңбек
қызметі;
практикалық
бағытталған
және
тәрбиеленушілердің
психикалық-дене мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы білім беру пәндері
бойынша қолжетімді білімдер. Білім берудің бастапқы деңгейінде орташа
ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған сыныптарда оқу процесі пәнсіз
оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар біріктірілген сипатта және
оқушылардың жалпы дамуына (коммуникативтік, қозғалыс, тілдік, сенсорлық)
бағытталады. Жеке дамуда оқушылардың алға жылжу шамасына қарай пәндік
оқуға ӛту іске асырылады.
Арнайы мектептер/сыныптардың педагогтары сынып құрамы мен
оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып,
дидактикалық, толықтыру-дамыту материалдарын таңдауға құқықтары бар.
Дамуы бұзылған балалар оқытылатын білім беру ұйымдары білім беру
мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып,
оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестаттауды, ағымдағы бақылау жүргізу
нысанын, тәртібін және кезеңділігін дербес анықтайды. Үлгілік оқу бағдарлама
негізінде ұйым, онда оқытылатын оқушылар құрамының ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сынып үшін оқу жоспарын жасайды.
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес, Үлгілік оқу
бағдарлама бойынша оқу пәндері арасында (Үлгілік оқу бағдарламасының
жалпы сағаттар саны шеңберінен шықпай) педагогикалық кеңестің шешімі
бойынша сағаттарды қайта бӛлуге рұқсат етіледі. Білім беру ұйымы
оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен
бірлесіп, оқытылатын пәндер тізбесін анықтайды, үйде жеке оқытудың Үлгілік
оқу жоспарының бӛлінген сағаттарының шегінде сыныптар бойынша пәндер
сағаттарын, олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес бӛледі.
Арнайы мектепте/сыныпта оқу-тәрбие процесі мектеп штатындағы
психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету мамандары (психолог, логопед,
арнайы педагогтар: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, сондай-ақ
ЕДК нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) жүргізген әрбір оқушының қажеттілігін
психологиялық-педагогикалық бағалау мәліметтеріне негізделген, сарамалы
және жеке тәсілдер пайдаланылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау
кӛрсету педагогтары мен мамандарының жұмысы мектеп директоры бекітетін
жергілікті нормативті актілермен реттеледі. Арнайы мектеп/сынып оқушылары
психологиялық-педагогикалық
қолдау
кӛрсету
мамандары
жүргізетін
фронтальды, топ бӛлімдеріндегі және жеке сабақтарда Үлгілік оқу жоспарының
тиісті бӛлімінде белгіленген сағаттар шеңберінде (түзету құрама бӛліктері)
арнайы психологиялық-педагогикалық кӛмегін алады. Психологиялық-
педагогикалық қолдау кӛрсету мамандарының барлық түрдегі арнайы
мектептер мен арнайы сыныптарда сабақ ӛткізулері міндетті болып табылады.
Сабақтардың негізгі міндеттері:
1) есту қабілетінің бұзылымдары (естімейтін, нашар еститін) бар балалар
үшін:
- жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру, жалпы білім беру
104
пәні бойынша білімді меңгеру базасы сияқты тұрмыстық ұғымды игеру үшін
тілді меңгеру;
- электр акустикалық аппаратурасын пайдаланып, естіп қабылдауды
қарқынды дамыту жағдайында қозғалыс пен тілді дамыту;
- оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету, сӛйлесу-
күнделікті сӛздік қорын дамыту.
- ауызша тілді қалыптастыру және қалған сӛйлеу естілімін дамыту;
- есту арқылы қабылдауды, айтуды, еріннен оқуды оқушылардың ауызша
тліін қалыптастырудың және жетілдірудің есту-кӛру негізі ретінде дамыту.
Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-кӛру
негізінде іске асырылады, ымдау тілі оқыту процесінде бағдарламалық
материалды аса терең түсіну үшін кӛмекші құрал ретінде пайдаланылады;
2) кӛру қабілетінің бұзылымдары (кӛрмейтін, нашар кӛретін) бар
оқушылар үшін:
- кӛздің қалған кӛруін және кӛру арқылы қабылдауды дамыту;
- әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ);
- кеңістікте бағдарлау;
- бет қимылы мен пантомимиканы дамыту;
- тіл дамуының және қозғалыс кемшіліктерін еңсеру;
3) тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар үшін:
- қозғалу саласын қалыптастыру және жетілдіру;
- танымдық қызметті дамыту;
- тіл дамуының кемшіліктерін еңсеру;
4) ауыр тілдік бұзылымдары бар оқушылар үшін:
- тіл дамуындағы ауытқуларды меңгеру;
- моторлық, тілдік моторлық, тілдік ойлау қызметін дамыту;
5) психикалық дамуының тежелісі бар оқушылар үшін:
- білімін және қоршаған нақтылық туралы түсінігін байыту, дамудың
алдыңғы сатысындағы олқылықтың орнын толтыру;
- жалпы қозғалыс пен қозғалысты үйлестіруді дамытудағы ауытқуларды
еңсеру;
- тіл дамуындағы кемшіліктерді еңсеру;
- танымдық қызметін және эмоционалдық-жеке саланы дамыту;
- оқу қызметін қалыптастыру;
- оқу бағдарламаларын игерудегі олқылықтарды толтыру.
6) зияттық бұзылымдары (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бар
оқушылар үшін:
- қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыру және тіл дамыту;
- қозғалу саласын (жалпы және ұсақ қозғалыс) жетілдіру;
- эмоционалдық саланы, коммуникативтік дағдыларды, әлеуметтік
қонымды мінез-құлық нормаларын дамыту;
- танымдық қызметті дамыту;
- оқу қызметін дамыту.
Түзеу циклінің сабақтары топта, қосымша топтарда күннің бірінші және
екінші жартысында жеке ӛткізіледі.
105
Түзеудің құрама бӛліктерінің пәндерін оқу жоспарының инварианттық
құрама бӛліктерінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ бұл сағаттар санын
қысқартуға рұқсат етілмейді. Оқу-тәрбие жұмысы ұзартылған күн режимінде
іске асырылады, бұзылған функцияларды еңсеру және қалпына келтіру, қажетті
денсаулық сақтау педагогикалық режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік
дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайды. Оқу күнінің тәртібі
оқушылардың жоғары шаршағыштығы ескеріліп белгіленеді: бірінші ауысымда
оқыту және үзілістерде демалуға уақыттың жеткілікті болуы. Екінші (қазақ
немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту оқушылардың тілдік даму
деңгейі ескеріліп іске асырылады, оқыту әдістерін бейімдеу және жетістіктерді
бағалау қарастырылған. Оқытудың толықтыру-дамыту бағыттанылуы жалпы
білім беру циклінің, түзеу пәндерінің шеңберінде, сондай-ақ қосымша білім
беру жүйесінде жүзеге асырылады.
Осы бұйрыққа сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: |