«Абайтану» факультатив курсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, ӛнерін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде ӛз
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ӛркениетті қоғамда
ӛмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан ӛткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мұғалімдерге кӛмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын
жобалау мен ӛткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия
сайтына (
www.nao.kz
) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану»
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген
негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті
есебінен жүргізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |