204
«Оқылым» бойынша: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми-
кӛпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану
(терминдер, тілдік оралымдар, ӛзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі
мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сӛйлеудің стильдік
бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін
дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сӛз бедерін дұрыс қолдана білу,
кӛркем әдебиет тілінің сӛз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей,
морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, кӛтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді ӛңдей білу,
белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ,
энциклопедиялық, ғылыми-кӛпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау
жолдарын білу;
«Жазылым» бойынша: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі,
тезистік), ауызекі сӛйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру,
ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат,
ӛтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.
мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін
ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация,
түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің
стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж,
сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, кӛркем әдебиет
стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер
құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі
графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді
талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, кӛтерілген мәселе
бойынша ӛзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары
бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі
тақырып
бойынша
кӛркемдегіш
құралдарды
ұтымды
қолданып,
шығармашылық жұмыстар (ӛлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба
жұмысын абзац пен бӛліктерге бӛлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп,
логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
«Әдеби тіл нормалары» бойынша: орфографиялық нормаға сай жазу,
сӛздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сӛздерді морфологиялық-
фонематикалық принцип негізінде жазу, сӛздерді тарихи-дәстүрлік принцип
негізінде жазу, сӛйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте,
сұрау белгісі, леп белгісі, кӛп нүкте), сӛйлем ішінде қойылатын тыныс
белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша,
сызықша).
Достарыңызбен бөлісу: