Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет267/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Назар аударыңыз! 
«Графика және жобалау» пәнін «Бейнелеу ӛнері және сызу» мамандығы 
бойынша дипломы бар мҧғалімдер жҥргізе алады. Мамандық алғандағы оқыған 
пәндер тізімі «Графика және жобалау» оқу пәнін оқыту ҥшін арнайы диплом 
талап етілмейтіндігін куәландырады. 
Осы оқу пәнін оқыту ҥшін тиісті сертификатты ала отырып, 
біліктілікті арттыру курстарынан ӛту ҧсынылады 
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Дене шынықтыру» 10-11-сыныптар 
«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды 
рӛл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында ӛзін-ӛзі 
белсенді шығармашылық кӛрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал 
етеді. 
Оқу пәннің 
мақсаты
: оқушылардың бойында ӛз денсаулығына 
қамқорлықпен қарауға қажеттілікті қалыптастыру, дененің физикалық және 
психикалық қасиеттерді жүйелі дамыту, салауатты ӛмір салтын ұйымдастыруда 
дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан қолдану.
Оқу пәннің 
міндеттері

1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту 
және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің 
техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру; 
2) ӛз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау 
қажеттіліктерін тәрбиелеу; 
3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму 
ерекшеліктері, салауатты ӛмір салтын дамытудағы рӛлі туралы білім 
деңгейлерін игеру;
4) 
оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен 


270 
ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу. 
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту процесінде білім алушыларға: 
1) жеке тазалық ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; пәндік 
білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті ӛмірлерінде қолдануға;
2) дене жаттығуларының адамның физикалық және энергетикалық 
жүйелеріне әсерін білуге; 
3) жеке бас пен моральдық-ӛнегелілік қасиеттерін дамытудың 
маңыздылығын және әділ бәсекелестік пен ӛздерін үздіксіз дамытудың 
қажеттілігін түсінуге; 
4) 
ӛзінің 
физикалық 
дамуын 
жетілдіруде 
қимыл-қозғалыс 
құзыреттіліктерін жақсарту қажеттіліктерін бағалауға; жалпы, кәсіптік-
қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен 
шұғылданудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді. 
Оқу бағдарламаның қҧрылымы мен мазмҧны екі бӛлімнен тҧрады: 
1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент); 
2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент). 
«Дене шынықтыру туралы білім» бӛлімінің мазмұны адамның таным 
белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:
1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»; 
2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»; 
3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.
«Дене шынықтыру туралы білім» бӛлімде Қазақстандағы спорт пен дене 
шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің 
қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі 
бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру 
құралдарының кӛмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы 
мәліметтер енгізілген. Бұл бӛлімде дене және спорттық дайындықтардың 
негізгі түсініктері, ӛз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды 
ұйымдастыру мен ӛткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып кӛрсетілген және 
қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
«Денені жетілдіру және шеберлік» бӛлімі білім алушылардың дене 
шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және 
аталған бӛлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар 
берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие 
болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт 
ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс 
әрекеттері ұсынылады. 
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды 
тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық 
технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті 
компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен ӛңірдің 
орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және 
оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру 
мұғалімі әзірлейді. 
Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері 


271 
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім ӛздігінен жеке 
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың ӛзіндік шкаласын 
құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін 
бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-
үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға 
мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау 
ӛткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және 
оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі 
жазылады. 
Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін 
ұйымдастырудың негізгі түрлері: 
1) дене шынықтыру сабақтары; 
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-
шаралары; 
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар; 
4) спорттық үйірмелер; 
5) дене жаттығуларымен ӛздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру 
пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі 
түрі болып табылады. 
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты 
білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар 
санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 
Сыныпты екі топқа бӛлу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604бұйрығына сәйкес жүзеге 
асырылады 
(05.05.2020 ж ҚР БҒМ №182 бҧйрығының 51 т. сәйкес). 
91-кесте. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып 
1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бӛлімдерінің жылдық сағаттар 
санын тоқсандарға бӛлу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет