2. ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі кешенді
шаралар іске асырылуда. 2015 жылы республика Біріккен Ұлттар Ұйымының
2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, оның ішінде
жалпыға бірдей қамту және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және
барлық адамдар үшін ӛмір бойы оқу мүмкіндігін кӛтермелеу бойынша
міндеттемелерді ӛзіне алды. Оған қол жеткізу үшін әлемде білім беруді
дамытудың негізгі бағыттары анықталды: мектепалды даярлықты қамтамасыз
ету, 12 жылдық мектептегі білім беру моделі, білім алушылардың 21- ғасыр
дағдыларын дамыту, қымбат емес және сапалы ТжКБ мен жоғары білімге тең
қол жеткізу. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым
бағыт болып табылады. Тиісті мақсаттар 2020-2025 жылдарға арналған БҒДМЖ
белгіленген.
27
Осы бағыттар бойынша мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттер
анықталды: