6) Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие:
эстетикалық
сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы
басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын
кӛркемдік-эстетикалық қабылдау.
Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие мектепте ӛзге
мәдениеттердің, ұлттардың, діндердің ӛкілдерімен толерантты қарым-қатынас
орнатуға бағытталуы тиіс. Осы бағытты іске асырудың негізгі тетіктері
Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен
ынтымақтастық; балалар мен жастар жұмыстарының кӛрмесін, халықтар
достығы
фестивальдарын,
тілдік
және
шығармашылық
клубтарды,
конкурстарды
ұйымдастыру;
кездесулер:
белгілі
адамдармен,
ӛнер
қайраткерлерімен. Жыл сайын тәрбие жұмысының жоспарына білім
алушыларды кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбиелеу шараларын
енгізу ұсынылады (тӛзімділік сабақтары, Жер күніне арналған акциялар,
Халықаралық бейбітшілік күніне арналған бір сағаттық ақпарат және т.б.).
Кӛркем-эстетикалық тәрбие аясында орта білім беру ұйымдарында
отандық мәдениет жетістіктерін – кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер,
музыкалық әуендер, халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік
мұралары – ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды, ӛсиеттерді, эпостарды меңгеру
және жетілдіру жатады. Тұрақты тақырыптық кітап кӛрмелерін ұйымдастыру
ұсынылады.
Театр ӛнері арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие балаларға адамның
іс-әрекеттерін қалыптастыратын әрекеттерді қабылдау, түсіну және түсіндіру
шеберлігін қалыптастыруға негіз болатын, оның кӛркем тілімен танысуға
кӛмектеседі. Ӛскелең ұрпақты театр ӛнері әлеміне тарту мақсатында әр
мектепте
Достарыңызбен бөлісу: |