4
сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді
оқыту әдістемесінің негіздері меңгеріледі.
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығы мазмұндық және
әдістемелік жағынан педагогиканың мынадай салаларымен:
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың жалпы
негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Педагогика тарихы»,
«Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері» және т.б.
тығыз
байланыста
берілген.
Оқулықта
педагогиканы
оқытудың
әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылды.
Соның негізінде педагогиканы оқытудың жеке пән ретінде
ерекшеліктеріне назар аударылып, теориялық және практикалық
сабақтарды ӛткізу әдістемесі
мен жаңа технологиялары, негізгі
тақырыптардың әдістемелік сипаттамасы беріліп отыр.
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығында педагогика
ғылымының құрылымы мен мазмұны, негізгі кӛзқарастарды
(аксиологиялық,
мәдениетке сәйкестік, жүйелілік және т.б),
педагогиканы
оқыту
технологиясын
тұлғалық-бағдарлы
парадигмасы негізінде талданды. Студенттердің ӛздік жұмысын
ұйымдастыру
ерекшеліктері,
кредиттік
оқыту
жүйесінде
педагогиканы
оқыту
әдістемесінің
ерекшеліктеріне,
технологиясына кеңінен орын берілді.
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығы 5В010300
«Педагогика және психология» жоғары кәсіптік білім беру
мамандығының «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінен Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім»
тобындағы мамандықтар бойынша
Оқу-әдістемелік секциясы
жасаған типтік оқу бағдарламасына сай әзірленді.
Осы оқулық «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні
мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне
қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған жоғары
кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын
және пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге негіз болып
табылады.
Оқулықты дайындау барысында
автордың жарияланған
ғылыми еңбектері, оқу процесінде кеңінен қолданыс тауып, оң
пікірге ие болған оқу құралдары, баспа
беттерінде жарияланған
ғылыми мақалалары мен бандамалары, осы пәннен оқылған
лекциялардың материалдары пайдаланылды.
Автор