2. Ерте жастағы балалар үшін дамытушы орта құру ( 1 жа-
стан 3 жасқа дейін).
2.1. Бөлмеде балалардың танымдық дамуына қажетті ойын мате-
риалдары болады (мозаикалар, матрешкалар, пирамидалар, әртүрлі
геометриялық формадағы тесіктері және соған сәйкес тығындары
бар панельдер, әртүрлі мөлшердегі қорапшалар, қақпақты банкілер,
түрлі түсті текшелер, доптар, машинкалар және т.б.; суреттері бар
кітапшалар).
2.2. Балалардың сюжеттік ойындары үшін ойын материалдары
(түрлі өлшемдегі қуыршақтар мен жануарлар, қуыршақтардың киімдері,
ойын жиһазы, түрлі әртүсті құрылыс материалдары, ойыншық теле-
фондар, қуыршақ театрының декорациялары, жасалмаған материалдар:
текшелер, таяқшалар, мата қиындылары және т.б.) болады.
2.3. Ойын материалы және балалардың музыкалық дамуы үшін
қажетті жабдықтар (ойыншық музыкалық аспаптар; аудиовизуалды
құралдар: пластинкалары бар күйтабақ немесе магнитофон) болады.
2.4. Балалардың өнімді шығармашылдық іс-әрекет материалда-
ры мен жабдықтары болады (қағаз парақтары мен альбомдар, бояғыш
қалам, бояулар, карандаштар, фломастерлер, түрлі түсті бор, пласти-
лин, балшық, әртүрлі материалдармен жұмыс істейтін, бормен сурет
салу үшін үстелдер, пластилинмен жұмыс істеу үшін астына қоятын
сүйеніш, су құятын банкалар) болады.
2.5. Барлық материалдар жұмысқа жарамды: карандаштар ұшталған,
фломастерлер жаңа, бояғыш қаламдар дұрыс және таза болады.
2.6. Серуендегенде ойнайтын ойыншықтар (шелектер, күректер,
қалыптар, қалақтар) болады.
2.7. Балалардың жүрісі мен басқа да қозғалыстарын дамыту үшін
керекті ойындар мен жабдықтар болады (домалататын, лақтыратын,
ойыншықтар; горкалар, тренажерлер, орындықтар) болады.
2.8. Әр бала өзінің көңілі сүйетін ойыншықпен ойнауы үшін
және басқа балаларға кедергі жасамауы үшін ойыншықтан бөлмеде
тақырыптық принциппен орналастырылады.
2.9. Бөлмеде балалардың бірігіп ойнауы үшін орын (үстелшелер,
ойыншықтарды іліп қоятын кеңістік) бар.
210
2.10. Барлық ойыншықтар мен материалдарға балалардың қолдары
жетеді.
2.11. Бөлме керегесі ашық қанық түсті картинкалармен, гүлдермен
безендірілген.
2.12. Топ бөлмелерінде қызметкерлер дайындаған ерекше
дидактикалық материалдар (сенсориканы. Нәзік моториканы дамыту
үшін, сюжеттік ойындар үшін) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |