85
білім мазмұнын меңгеру тәсілдерін таңдағанда үлгілерді, дайын
рецептерді шамадан тыс пайдалану;
мектепке дейін білім беру мазмұнының маңызды элементтерінің
бірі ретінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға жеткіліксіз на-
зар аударылуы.
Мұндай проблемаларды көптеп табуға болады. Олардың бо-
луы мектепке дейінгі мекеме мамандарының уақыт талабына сай
болуға, басқалармен бәсекеге түсуге, кәсіби шығармашылық қабілетін
көрсетуге ұмтылысы мен мектепке дейін білім беру мазмұнын ойлан-
бай іріктеу салдарынан білім беру сапасының төмендеуінің арасын-
да қайшылық тудырады. Бұл қайшылықтарды ғылым мен практикада
шешуге талпыныс мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қозғаушы
күші болады.
Мектепке дейін білім беру мазмұнын жаңартумен, ең алдымен,
оның сапасын көтеру байланысты. Соның өзінде, Л. А. Парамонованың
пікірінше, бұл жаңа әдістерді пайдалану және дәстүрлілерін қайта
құру. Білім мазмұнын анықтау балалардың толыққанды дамуы үшін
қажетті және жеткілікті стандартты жасаумен байланысты. Маңыздысы
балалардың білімін ары қарай дамыту үшін олардың тең бастауын
қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: