Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет39/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: 
әртүрлі көлемдегі шырша 
бүрлері, ақ және қара түсті ермексаз, көк, қызыл түсті қағаздар
пенопласт, үлестірмелі материалдар. 
Алдын ала жұмыс: 
педагог балаларға пингвиндер туралы 
мультфильм көрсетеді немесе ертегі, әңгімелер оқып береді. 
Сөздік жұмыс: 
пингвин, суық жақтарда тіршілік ету, пенопласт.

Билингвальді 
компонент:
мұз 
– 
лед, 
қар 
– 
снег. 
ҰОҚ-нің барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
Педагог музыка әуенін қойып, ойын жаттығу жасатудан бастайды. 
Жоны қара тақтайдай
Бауыры аппақ мақтадай. 
Мекендейді мұз қарды, 
Сүйеді тек ызғарды. 
Бұлғандайды қашпайды. 
Асықпайды саспайды, 
Мұз үстінде билейді. 
Балалар пингвинның қимыл- қозғалысын жасап би билейді. 
Жұмбақ 
Қанаты болса да 
Ұша алмайтын құс.
(Пингвин)
Балаларға пингвиндер туралы айтылған әңгімені немесе 
мультфильмді еске түсіреді. Пингвиндердің суық жақтарда тіршілік 
ететінін және олардың дене бөліктеріне назар аударады. 
Пингвиндердің ерекшелігі: қанаты бар болса да олар ұша алмайды, 
бірақ суда жүзеді және сүңгиді. Олар суда жүзгенде тоңбайды. 
Мұзды жерде өмір сүреді. Олар неге тоңбайды деп ойлайсыңдар? 
Олардың қауырсындары маймен майланған. Оны байқау үшін 
қарапайым тәжірибе жасап көрейік: 
-қауырсынды алып жалпақ ыдыстағы суға саламыз, не болады
көрейік? Олар маймен сыланған. Су қауырсыннан ағып кетеді, 
қауырсын құрғақ күйінде қалады. Демек, пингвиндердің қауырсыны 
тығыз, тегіс маймен қапталған, қауырсыны жылы жаурамайды. Ақ 
қара түстері жылынуға жақсы көмектеседі. Балалар өздері 
көргендері, естігендері жайында айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет