28
Ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы
бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен
жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген.
Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл
наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен
және халықтармен этно-
мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен
Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті құрылғаннан кейін (907-1125 жж. құрылып, өмір
сүрген), наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тәуелсіздік
алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады.
XII ғасырдың аяғы -
XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даянхан мен
Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды
талқандады. Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған әскерін жинап, Қидан мемлекетіне
барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілін таба біліп,
наймандардың шашырап
кеткен әскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде
Хорезмшах Мұхаммедтің әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды.
Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын
Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы әскери
қимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап
қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып
кеткен Күшілікті
ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл
Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.
Достарыңызбен бөлісу: