6-ДӘріс тақырыбы: Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі171,92 Kb.
#82891
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
lekcija 6

3. Тартыс туралы түсінік 
Тартыс - (латынша конфликтус) –қақтығыс, айқас деген мағына 
білдіреді. Ол өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі 
түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, 
идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар 
құбылыстардың өнер туындысында жинақталып, суреттелуі. Өнердегі 
өмірлік тартыс – көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, 
арқау, керек десеңіз күллі өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жүйке, 
дейді З.Қабдолов, олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс, оның 
сюжеті мен композиясын өрбітер, қозғаушы күш. Сюжетте қоғамдық 
тартысты қозғалыс үстінде, яғни дамуы, шешілуі арқылы көрсету қоғамдық 
даму тенденцияларын, оның заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді. Осыған 
орай, шығармадағы сюжеттің алуан сипатты ролін дұрыс түсінуге қажетті 
кейбір негізгі сәттерді атап өткен жөн. Қаламгер тартыс мәніне тереңдей 
бойлауы арқылы сол конфликтіге қатысушы адамдардың жан-дүниесіне 
үңіледі. 
1. Қаламгер өз шығармасының мазмұнын құрайтын конфликтілерге ақыл-
ойымен де, сезімімен де бірдей өз араласуына тура келеді. 
2. Әрбір үлкен қаламгер өз дәуірі мен халқы үшін асамаңызды орын 
алатын тартысқа ғана назар аударады. 
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуірлерден де 
алынуы ықтимал. Алайда, тартыстың түпкі мәні қаламгер өмір сүрген 
кезеңдегі қоғамдық талап-тілектермен орайласып жатады. Сонымен бірге 
қаламгер өз бейнелеп отырған характерлер мен жағдайлар, адамдар
арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы сипатын 
ашып танытуда сюжеттің мүмкіндігіне сүйенеді. Осылардың бәрін бейнелеу 
шығармада алға тартылған проблемалардың мәнін ашуға, идеяға ықпал етеді. 
Сюжет желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға 
байланысты бола отырып, өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт. 
Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін 
сюжеттің басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуатция), 
шарықтау шегі (кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден 
тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар 
өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық 
орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. 
Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі 
өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, 
дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында 
кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі. 
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың 
басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. 


Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік 
тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар 
арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам м-
інезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу 
тарихы беріледі. Яғни байланыс оқырманды шығармадағы проблеманы 
түсінуге бағыттаса, әрекет дамуы сол проблеманың шешілуіндегі мүмкін 
жолдарын аңғартады.
Шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне 
жеткен тұсы шарықтау шегі деп аталады. Шарықтау шегінің мазмұндық мәні 
шығармадағы проблеманың ең жоғарғы ұшығына келіп тірелуінде жатыр. 
Өмірдегі қандай да бір проблеманың шешімін табатыны сияқты, 
шығармадағы шарықтау шегіне жеткен проблемалар да көркемдік тұрғыдан 
шешімін табуды керек етеді. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам 
мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен 
тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса 
жауапты тұсы да – осы. 
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің 
өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар 
арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, 
түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға 
қатысушылардың ең ақырғы хал-күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы 
сахнасы. 
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилогта аталады. 
Бұлар – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер.
Пролог – шығармадағы негізгі сюжет дамуына өзінше кіріспе іспетті. 
Алдағы әрекет дамуынан алдын–ала хабардар ете отырып, пролог 
шығармадағы әрекет, оқиғалардың алғашқы себептерін ашып көрсетеді. Бұл 
себептер кейде уақыт жағынан тым ертеде болуы да ықтимал. Қалай 
болғанда да, прологта баяндалған себептер белгілі бір дәрежеде шығармада 
өрістейтін оқиғалар мен жағдайлардың басты мәнін ашуға бағытталады. 
Эпилог- шығармада көрінген әрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімінің 
бейнеленуі. 
Эпилогты қаламгер шығарма шешімі кейіпкерлер әрекеттерінің даму 
бағытын, олардың кейінгі тағдырларын түркілікті толық аңғартам деп 
есептеген кезде көбірек пайдаланады. Сонымен қоса эпилог арқылы жазушы 
өзі бейнелеген жағдай туралы авторлық үкімін ерекше айқын сездіре алады. 
Сюжеттің аса маңызды элементтері осындай. Алайда бұлардың бәрі бірдей 
барлық шығармада болуы шарт емес. Бірі болған жағдайда бірінің болмауы 
әбден мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет