а) Лотерея, бәс тігу ойындарынан түскен табыс
Құранның «Мəида» сүресінде құмар ойындарына тыйым салынған. Пайғамбарымыз құмар
ойнамақ түгіл оған жол береді деген іс-əрекеттің бəріне қырын қараған.
«Кімде-кім досына
«кел, құмар ойнайық» деп ұсыныс білдірсе, садақа берсін» деген.
Казино соғу, лотерея ойнату, букмекерлік кеңсе ашу, тотализатор ұстау секілді хараммен
баюға дінімізде жол жоқ. Д
інге қайшы жолмен мал жиған адам оны жаппай жақсылыққа
жұмсаса да, күнəден құтыла алмаса керек. Ол
қайтсе де басқаны алдап соққанының, көпе-
көрінеу кісі тонағанының обалын мойнына жүктейді.
|