А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Мемлекеттiк кәсiпорындарға



Pdf көрінісі
бет24/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Мемлекеттiк кәсiпорындарға: 
1) шаруашылық жҥргiзу; 
2) жедел басқару (қазыналық кәсiпорындар) қҧқықтарына 
негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар жатады («Мемлекеттік 


50 
мҥлік туралы» ҚР Заңының 132-б.- әрі қарай мемлекеттік мҥлік 
туралы Заң). 
Мемлекеттік 
меншіктің 
тҥріне 
қарай 
мемлекеттік 
кәсіпорындар:
1) республикалық меншікке жататын кәсіпорындар, яғни 
республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
2) коммуналдық меншікке жататын кәсіпорындар, яғни 
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тҥрлеріне бӛлінеді.
Мемлекеттік мҥлік туралы Заңға сәйкес мемлекет қоғам мен 
мемлекеттiң қажеттерiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-
экономикалық мiндеттердi шешу мақсатында: 
1) мемлекеттiң ҧлттық қауiпсiздiгiн, қорғаныс қабiлетiн және 
қоғам мҥддесiн қорғауды қамтамасыз етудiң ӛзге мҥмкiндiгi жоқ 
болса; 
2) 
мемлекетке 
тиесiлi 
стратегиялық 
объектiлердi 
пайдаланғанда және оны кҥтiп ҧстағанда; 
3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған салалардағы 
қызметтi жҥзеге асыру ҥшiн; 
4) бәсекелестiк жоқ не бәсекелестiк жете дамымаған 
қоғамдық ӛндiрiс салаларындағы тауарларды ӛндiруге қоғамдық 
қажеттiлiк болғанда мемлекеттiк кәсiпорындар қҧрады. 
Республикалық 
мемлекеттiк 
кәсiпорыны 
Қазақстан 
Республикасының Ҥкiметi немесе Қазақстан Республикасының 
Ҧлттық Банкінің шешімімен, ал коммуналдық мемлекеттiк 
кәсiпорыны жергiлiктi атқарушы органның шешімімен қҧрылады.
Мемлекеттік кәсіпорынның қҧрылтай қҧжаты Жарғы болып 
табылады. Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысы мемлекеттік 
басқару органының ҧсынуымен оның қҧрылтайшысымен 
(уәкілетті органмен) бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет