А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Кәсіпкерлік қҧқықтың тҥсінігі және оның қҧқық



Pdf көрінісі
бет6/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

2. Кәсіпкерлік қҧқықтың тҥсінігі және оның қҧқық 
жҥйесіндегі орны 
Әртҥрлі қызмет тҥрлерін жҥзеге асыру ҥрдісі барысында 
әртҥрлі қҧқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар 
қалыптасады. Осы салалар біртҧтас қҧқық жҥйесін қҧрайды, ал 
туыс қҧқық салаларының нормалары жиі байланысады, бір 
саланың нормалары басқа салаға да жиі еніп отырады. Осыған 
сәйкес, кӛптеген жағдайларда қҧқық саласын таза кҥйінде кӛрсету 
шамалы қиындық тудырады
5

Дегенмен, қҧқық саласының қағидаларының, реттеу пәнінің, 
реттеу әдістерінің және басқада сипаттаушы белгілеріне қарай 
оның жария қҧқық немесе жеке қҧқық саласына жататындығын 
анықтауға мҥмкіндік бар. Жеке қҧқықтық және жария қҧқықтық 
бастауларының сәйкестенуін бар қҧқық салаларын да кездестіруге 
болады.
Кәсіпкерлік қҧқық жалпы шаруашылық тәртіптемелерді 
анықтайды, ал осы тәртіптемелердің жекелеген жақтарын ӛз 
тҧрғысынан азаматтық, әкімшілік қҧқық және кейбір басқада 
қҧқық салалары реттейді. Аталмыш жағдай кәсіпкерлік қҧқық 
тҥсінігінің анықтамасын және қҧқық жҥйесіндегі алатын орнын 
қиындатады. 
Кәсіпкерлік қҧқық дегеніміз нені білдіреді деген мәселеге 
қатысты, ғалымдар бірнеше жылдар аясында ҥш тҥрлі кӛзқарас 
қалыптастырды:
1) Кәсіпкерлік қҧқық жеке дара қҧқық саласы болып 
табылады. Аталған кӛзқарастың жақтаушылары «шаруашылық 
қҧқығы тҧжырымдамасының» ізбасарлары болып табылады, ол 
Ресей мен Украина академиктері В.В. Лаптев және В.К. 
Мамутовтың басшылығымен қҧрастырылған. Бҧл тҧжырымдама 
халық шаруашылық аумағындағы билікті-басқарушылық (тігінен) 
және шарттық (кӛлденеңінен) қатынастарының біртектілігінен 
5
Толстой Ю.К. О преподавании гражданского права на современном этапе / 
преподавание гражданского права в современных условиях. – СПб, 1999. – 43 б. 


13 
туындап және шарушылық жҥргізудің жоспарлы-әкімшілік 
жҥйесін ақтап алып шығуға бағытталды. Аталған тҧжырымдама 
әкімшілік-бҧйрықтық жҥйенің қҧлдырауымен және бҧрынғы 
КСРО мемлекеттерінің нарықтық жҥйеге кӛшуімен толық ӛзінің 
мәнін жойды. Дегенмен, осы тҧжырымдаманың жақтаушылары 
қайта қҧру мен мимикриялардың кӛмегімен және қалайда жаңа 
нарықтық жҥйеге ыңғайлануда
6
, және де ол кейбір жерлерде 
жҥзеге асуда. Мысалы, Украинада Рада (Парламент) Азаматтық 
кодекспен қатар Шаруашылық кодексін де қабылдады
7

Аталған 
кӛзқарастың 
жақтаушыларының 
айтуынша, 
кәсіпкерлік (шаруашылық) қҧқық шаруашылық қатынастарын 
реттеуші заңдық нормалардың жиынтығы деп есептейді. Мысалы, 
И.В.Ершова кәсіпкерлік қҧқықты кәсіпкерлік қатынастарды және 
олармен тығыз байланысты қатынастарды, соның ішінде 
коммерциялық емес қатынастарды, сонымен қатар, мемлекет пен 
қоғамның мҥддесін қамтамасыз етуде халық шаруашылығын 
мемлекеттік реттеу бойынша қатынастарды реттеуші заңдық 
нормалардың жиынтығы ретінде анықтайды
8
. Осыған ҧқсас 
анықтаманы В.В. Лаптев те қалыптастырады және ол кәсіпкерлік 
қҧқықты кәсіпкерлік қатынастарды, соның ішінде кәсіпкерлік 
қызметті жҥзеге асыру барысында пайда болатын қатынастарды 
(кӛлденең қатынастар), кәсіпкерлік қызметті реттеу барысында 
туындайтын қатынастарды (тік қатынастар) және кәсіпкерлік 
қызмет субьектілерінің ішінде пайда болатын қатынастарды (ішкі 
шаруашылық қатынастар) реттеуші қҧқықтық нормалардың 
жҥйесі деп сипаттайды
9

6
Лаптев В.В. Хозяйственное право предпринимательской деятельности. // 
Государство и право, 1995. - №5. - 52-53 б.; Мамутов В.К. Кодификация хозяйственного 
законодательства Украины в новых экономических условиях. //Государство и право. - 1999. 
- №1.
7
Сулейменов М.К. Гражданское право в системе права // http://www.zakon.kz/203506-
grazhdanskoe-pravo-v-sisteme-prava.html
8
Ершова И.В., Иванова Т.М. Предпринимательское право. Учеб. пособие. - М.: 
«Юриспруденция», 1999. – 3 б. 
9
Лаптев В.В. Предпринимательское право: понятие и субъекты. – М.: «Юристъ», 
1997. - 18, 22, 23 б. 


14 
Белгілі бір дәрежеде И.В. Дойниковтың кӛзқарасы да ҧқсас 
болып келеді, ол шаруашылық қҧқықты экономикалық 
(шаруашылық) аумағындағы қоғамдық қатынастарды, нақтырақ 
айтсақ, кәсіпкерлік қатынастарды, кәсіпкерлік қатынастармен 
тығыз байланысты жеке-еңбектік қатынастарды, коммерциялық 
емес қатынастарды және де шаруашылық қызметті мемлекеттік 
реттеу бойынша қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы 
арқылы қарастырады
10

2) Кәсіпкерлік қҧқық азаматтық қҧқықтың бір бӛлігі болып 
табылады. Бҧл тҧжырымдама шаруашылық қҧқық жеке қҧқық 
саласы деген тҧжырымдамаға тура қарама-қарсы тҧжырымдама
11

Оның жақтаушылары С.Э Жилинский, Б.И. Пучинский болып 
табылады. 
3) Кәсіпкерлік (шаруашылық, коммерциялық, сауда) қҧқық 
кешенді қҧқық саласы болып табылады. Аталмыш тҧрғыда 
кәсіпкерлік қҧқықты Е.П. Губин мен П.Г. Лахно да қарастырады, 
олар кәсіпкерлік қҧқықты шоғырландырылған кешенді қҧқық 
саласы ретінде таниды, яғни пәндік тҧтастығымен байланысқан, 
кәсіпкерлік қызметті ҧйымдастыру мен жҥзеге асыру және оны 
басқару саласындағы қатынастарды жеке қҧқықтық және 
кӛпшілік-қҧқықтық 
бастаулардың 
диалектикалық 
ӛзара 
байланысын 
пайдалану 
негізінде 
реттейтін 
қҧқықтық 
нормалардың жиынтығында қарастырады
12

Аталмыш кӛзқараспен Н.Ю. Круглованың пайымдауы да 
ҧштасады, ол шаруашылық қҧқықты әртҥрлі қҧқық салаларының 
(азаматтық қҧқық, еңбек қҧқығы, әкімшілік қҧқық, қаржы қҧқығы 
10
Дойников И.В. Хозяйственное (предпринимательское) право: Вопросы и ответы. – 
М.: «Книга-сервис», 2002. – 7, 8 б. 
11
Коммерческое право: Учебник. / Под ред. В.Ф. Попондопуло, В.Ф. Яковлевой. - 
СПб. Изд-во С-Петербургского унив-та, 1997. – 22 б.; Жилинский С.Э. Правовая основа 
предпринимательской деятельности (предпринимательское право). Курс лекций. - М.: Изд. 
группа Норма-Инфра-М, 1998. - 3-4 б.; Пучинский Б.И. Коммерческое право России. - М.: 
«Юрайт», 2000. – 12 б.; Гражданское право. Том I. Учебник для вузов (академический курс). 
// Жауапты ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2000. - 19-20 б. 
12
Предпринимательское право: Учебник / Отв. ред. Е.П. Губин и П.Г. Лахно. - М.: 
«Юристъ», 2003. – 30 б. 


15 
және т.б.) нормаларынан қалыптасатын қҧқықтық нормалардың 
жиынтығы ретінде таниды
13

Қазақстандық 
ғалымдардың 
пайымдауы 
бойынша, 
кәсіпкерлік қҧқық кешенді қҧқық саласын білдіретіндігін атап ӛту 
ӛте маңызды
14
. Бҧл теорияның жақтаушылары аз, себебі ғалымдар 
қҧқық жҥйесінде кешенді қҧқық саласының бар екендігіне 
келіскеннен гӛрі қандай да бір қҧқықтық қҧрылымның жеке 
даралығын дәлелдеуге тырысады, ӛйткені олардың айтуынша, 
кешенді қҧқық салалары жеке қҧқықтық реттеу әдісіне ие 
болмайды, сәйкесінше олар қҧқық жҥйесінде сала және институт 
ретінде жеке орынға ие бола алмайды дейді
15
.
Осы орайда біздің кӛзқарасымыз бойынша ең дҧрыс тҧжырым 
академик М.К. Сҥлейменовтың пайымдауы болып табылады, 
себебі ол кәсіпкерлік қҧқықты екі тҧрғыда тҥсіну керек дейді. Тар 
мағынада кәсіпкерлік қҧқық сӛзсіз азаматтық қҧқықтың бір 
бӛлігін білдіреді. Кәсіпкерлік қызмет азаматтық-қҧқықтық 
қызметтің бір тҥрі болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік 
қҧқықты кең мағынада әртҥрлі қҧқық салаларының (азаматтық, 
әкімшілік, қаржылық, кедендік, еңбектік және басқалары) 
нормаларын біріктіруші кешендік қҧрылым ретінде тҥсінуге 
болады
16
.
Егер салыстырмалы тҧжырым ретінде шетелдік ғылымға 
жҥгінетін болсақ, батыс мемлекеттерінде кәсіпкерлік қҧқық 
саласына 
экономикалық 
қатынастарды 
реттеуші 
және 
кәсіпкерлердің 
мҥддесін 
қозғаушы 
кезкелген 
нормалар 
жатқызылады. Кәсіпкерлік қҧқықты осындай кең мағынада тҥсіну, 
оның пәнін қҧқық саласының ауқымымен шектеуді талап етпейді. 
Сондықтан аталмыш жағдайда кәсіпкерлік қҧқыққа біздің дәстҥрлі 
13
Круглова Н.Ю. Хозяйственное право: Учеб. пособие. 2-е изд., испр. и доп. М.: 
«Рус. деловая лит-ра», 2000. - 37-39 б. 
14
Мороз С.П. Инвестиционное право: Учебник. – Алматы, КазГЮУ, 2006. – 30 б. 
15
Асьянов Ш.М.Межотраслевые связи гражданского права //Гражданское право в 
системе права: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы: 
НИИ частного права КазГЮУ, 2007. – 82 б. 
16
Сулейменов М.К. Актуальные проблемы частного права в Республике Казахстан // 
Актуальные проблемы частного права в Республике Казахстан: Материалы международной 
научно-практической конференции. – Алматы: КазГЮУ, 2003. – 14 б. 


16 
тҥсінігіміздегі (қҧқықты салаларға бӛлу) кәсіперліктен алыста 
жатқан (мысалы, экологиялық, жер, еңбек қҧқығы) басқа қҧқық 
салаларының қайнар кӛздері болып табылатын нормалар да 
жатқызылады. Оларға кӛбінесе тазалау қҧрылғыларына талаптар, 
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жатқызылады.
Кәсіпкерлік қҧқықтың пәнінің кӛбіне тар мағынадағы 
пайымдалуы қолданбалы сипатқа (білім беру мақсатында) ие және 
әдетте, компанияның жалпы қҧқықтары ретіндегі, яғни 
бәсекелестік қҧқық, дәрменсіздік және банкроттық, қаржылық 
қҧқық, компанияны қайта қалыптастыру және тағы сол сияқты тек 
нарықтық экономиканың қызметіне байланысты жекелеген дара 
бӛлімдерден (салалардан) тҧрады.
Кең мағынада кәсіпкерлік қҧқық бизнес пен (business law) 
қандай да бір байланыстағы кез келген қҧқықтық нормаларды 
біріктіреді. Мҧндағы бизнес ҧғымы – тауарларды ӛндіру және 
тарату, жҧмыстарды орындау немесе қызмет кӛрсету жолымен 
жҥзеге асырылатын әрекеттің ӛзімен қатар сол әрекеттің 
қаржылық нәтижелері, сондай-ақ, басқа кәсіпорындармен белгілі 
бір шартты жағдайларда бӛлінетін және біріктірілетін кәсіпорын.
Кәсіпкерлік қҧқық ҥшін ғылыми ойластырылған және 
әдістемелік негізделген оқу материалының жҥйелі қҧрылуы ӛте 
маңызды. Оқу курсының жҥйесі ҚР Азаматтық Кодексі жҥйесіне 
логикалық ілесетін азаматтық қҧқықтан кәсіпкерлік қҧқықтың 
ерекшеленетін тҧсы – оның оқу курсы жҥйесін сәйкестендіріп 
қҧруға болатын бірыңғай шоғырландырылған заңнамалық акт 
ісінің болмауы. 
Кәсіпкерлік қҧықтың ғылыми тҧжырымдамасы біріншіден, 
кезкелген қоғамға іштей тиесілі нарықтық шаруашылық жҥйесіне, 
екіншіден, аталмыш жҥйені мемлекеттік реттеудің объективті 
қажеттілігін мойындауға негізделген. Кәсіпкерлік қҧқық ғылымын 
нарықтық механизмді кәсіпкерлік әрекет арқылы қҧқықтық 
реттеудің дамуының мазмҧны (мәні) және заңдылықтары туралы 
ғылыми-теоретикалық 
және 
әдістемелік 
мағлҧматтардың 
жалпыланған жҥйесі ретінде анықтауға болады. 
Біздің ойымызша кәсіпкерлік қҧқықты жеке салаға бӛлу ҥшін 
жеткілікті негіздемелер жоқ, мҧның себептері келесідей. 


17 
Біріншіден, кәсіпкерлік әрекеттің заңды анықтамасы, сонымен 
қатар, кәсіпкерлердің қҧқықтық ережелерінің негізге қағидалары 
ҚР Азаматтық кодексінде бекітілген. Екіншіден, кәсіпкерлер 
араларындағы 
мҥліктік 
қатынастарды 
реттеуге 
арнайы 
бағытталған Азаматық кодекстен бӛлек кӛптеген нормативтік 
актілер бар. Десек те, бҧл жайт азаматтық қҧқықпен қатар, 
кәсіпкерлік қҧқықтың дербес сала болып қалыптасуын ӛздігінен 
дәлелдей алмайды. 
Кодекс және қҧқық саласы – бҧл екеуі бірдей емес. Ӛзіне тән 
кодексі болмайтын қҧқық салалары да болады. Мысалы, кеңес 
дәуірінде кӛптеген одақтас мемлекеттердің ӛздеріне тән әкімшілік 
кодекстері болмаған, бірақ әкімшілік қҧқық бҧл республикаларда 
қҧқықтың жеке саласы ретінде болғаны рас. Ең кӛп таралған 
азаматтардың мҥліктік қатынастары (тҧрғын ҥй жалдау шарттары 
және басқа) кӛп ретте ҚР Азаматтық кодексімен емес, арнайы 
заңдармен және ӛзге де нормативтік актілермен реттеледі. 
Қазақстандық қҧқық жҥйесі – бҧл оның белгілі салаларға 
бӛлінуінен кӛрінетін объективті ӛзіне тән қҧрылым. Кәсіпкерлік 
қҧқықтың болуы кәсіпкерлік әрекет мәселелері бойынша 
заңнаманың бар болуымен айқын дәлелденетін сияқты. Дегенмен 
біздің мемлекеттегі заңнама экономика немесе кәсіпкерлікпен 
байланысты ғана емес, сондай-ақ қорғаныспен, мәдениетпен, 
ғылыммен, ӛнермен және т.б. байланысты әрқилы мәселелерді 
дәріптейді. Бҧл заңнаманың осындай әрбір тармағының тиісті 
қҧқық саласын нақты кӛрсететіндігін білдірмейді. Демек, нақты 
мәселелер бойынша заңнама және қҧқық саласы – әртҥрлі 
дҥниелер. Қҧқық саласы оның реттейтін пәнімен, яғни, оның 
негізінде жатқан және оның бар болуының объективті себебі 
болатын қоғамдық қатынастардың жиынтығымен анықталады. 
Ҥшіншіден, заңдық білім беру жҥйесінде әлдебір қҧқық 
саласымен мҥлде сәйкес келмейтін оқу пәндері, мысалы, 
криминалистика, криминология, заңдық психология, бар. 
Соңында, тӛртіншіден, қҧқықтың тҥрлі салаларына кіретін ӛзара 
байланысты заңдық нормаларды кешенді оқып білуге және 
зерттеуге әбден болады. Мысалы, кӛптеген ЖОО-да кӛліктік 


18 
қҧқық, сақтандыру қҧқығы және т.б. сияқты оқу пәндері 
оқытылады. Сӛйтіп, кешенді оқытуға да болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет