Цианды электролиттердің қышқылды электролиттерден ерекшелігі мыс
потенциалының бос цианид концентрациясына тәуелді айтарлықты өзгеруі, ал
қышқыл электролиттерде бос күкірт қышқылы мыстың потенциалын
шамалы ғана өзгертеді. Егер 1 литр ерітіндіде 9 грамм циан тұз түріндегі
(0.1М СuСN) мыс және 13 г/л КСN болса, мыс потенциалы -0.60 В болады, ал
26 г/л KCN болса, бұл потенциал -0.964 В болады, ал 65 г/ л болған жағдайда -
1.169В. Катодтық поляризация электролиттегі мыс тұзының концентрациясына
тәуелді, ал қышқыл электролиттерде болса, бұл әсер өте мардымсыз.
Анодтық процесс цианды ерітінділерде айтарлықтай поляризация арқылы
жүреді, оның шамасы бос цианидтің мөлшерімен анықталады. Цианид
жетіспеген жағдайда анодтар пассивтеніп, еруі тоқтайды. Бос цианидтің болуы
тиісінше катодтық және анодтық процестерге екі жақты әсер етеді,
алғашқысына (катод процесіне) бос цианидтің минимальды мөлшері қажет
(катодтық тоқ тығыздығын жоғары ұстаған сайын, электролитте цианид аз
болады), екіншіге (анод үшін) - максимал цианид мөлшер қажет (ток
тығыздығының жоғары болуы анодты пассивтендіреді, цианид мөлшері де
соғұрлым жоғары болады). Бұл жағдайлар электролитте мыс тұзынан соң
негізгі компонент болып табылатын цианид концентрациясын таңдау аралығын
айтарлықтай шектейді.
Көптеген цианид электролиттерінде жоғары тоқ тығыздығын қолдануға
мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдануға болмайды, мысалы, араластыру не
температураны жоғарылату цианидтің гидролизін жоғарылатады. Цианидті
электролиттер тыныштық қалыпта және бөлме температурасының өзінде,
ауадағы көмір қышқыл газын жұту салдарынан, қышқыл электролиттерге
қарағанда жылдам бұзылады.
Цианидті электролиттерде мыстың бір валентті иондары тотықсызданып,
катодқа тұнады, теориялық тұрғыды 1 А·сағ. алынғын мыс, екі валентті ион
түрінде болатын қышқылдық электролиттерге қарағанда 2 есе жоғары
болады.
Цианидті электролиттерде мыстың тепе - теңдік потенциалы күшті
электртерістілік мәнге ие және тоқ тығыздығын арттырғанда потенциал
электртерістілік мәнге қарай ығысатындықтан, жоғары ток тығыздықтарында
(А/дм
2
) цианид электролиттерінде мыстың тұнуы мүмкін емес деген пікірдің
пайда болуына негіз болды. Шындығында, бұл араластырылмаған және
қыздырылмаған сұйытылған цианидті электролиттер үшін дұрыс
қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: