60
Пиндар өлеңдерiнiң мазмұны өте күрделi және жан-жақты. Автор
өз қаһарманын мақтаудан алдын сөздi сайыс ойындарға байланысы
жоқ кейбір мәселелерден бастайды, кейiн батырдың қандай сайыста
және қай жерде жеңiске жеткендiгiн айтып, жол-жөнекей баяндауды
түрлi
оқиғалармен, насихат сөздермен толықтырып отырады.
Ақын өзiнiң барлық шеберлiгiн әрине, батырдың жеке қасиеттерiн,
қайрат-жiгерiн, өткендегi ғажайып ерлiктерiн мадақтауға
жұмсайды.
Осындай батырды өсiрген елге, оның ата-бабаларына
алғыс жаудырады. Мифологиядан кең пайдалану – Пиндардың
жалпы жырларына тән ерекшелiк. Мифологиялық образдар сайыс
ойындарға, қаһарманның тiкелей өзiне қатысты болмаса да,
мадақталушы адамның жеке қасиеттерiн тереңiрек ашуда ерекше
қызмет атқарады.
Пиндар поэзиясындағы мұндай ерекшелiктер антик дүниеде
ақынға ұлы құрмет, атақ-даңқ алып келдi, оны бүкiл грек жұртының
ұлттық ақыны дәрежесiне көтердi. Ол жырларында мифологиядан
еркiн пайдаланған дедік. Пиндар - өз елi Фиваны өте сүйген жан.
Бiзге жеткен жырларында ақынның бұл сезiмi айқын көрiнедi.
Бiрақ, олардың парсыларға тiзе бүгуiн ешқандай ақтағысы келмейдi.
Керiсiнше, парсыларға қарсы тұрған табанды Афинаға бүйрегi
бұрады. Соңынан афиналықтар
ақынға зор құрмет көрсетiп, оған
өзiне лайық абырой, атақ берген.
Достарыңызбен бөлісу: