Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


ІІІ-БӨЛІМ.  Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет



Pdf көрінісі
бет59/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

ІІІ-БӨЛІМ. 
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет
Феодалдық қоғам жағдайында қалыптаса бастаған капиталистік 
қатынастар Батыс Еуропада Ренессанс (Қайта өрлеу) әрекетіне 
негіз салды. Мәдениет тарихында Ренессанс атауымен аталатын 
бұл әрекет алғаш Италияда (XІV ғасыр) және көп ұзамай Еуопаның 
басқа елдерінде де басталды.
Өнім шығару негіздерінің жаңа көріністері - мануфактураға өту, 
географиялық жетістіктер (Американың ашылуы, Үндістанға теңіз 
жолының орнатылуы), дүниежүзілік сауда-саттықтың дамуы, ұлттық 
мемлекеттердің пайда болуы, шаруалар соғысы, халық көтерілістері 
қоғамдық өмір мен қоғамдық санада көптеген өзгерістерді туғызды. 
Адам еркіндігі мен адамның табиғи талаптарын қорғайтын 
гуманистік қозғалыс дүниеге келді. Діни қағидалардан тыс реалистік 
мазмұндағы көне антикалық мәдениетке қызығушылық күшейді.
Бұл дәуірді немістер «реформация» деп атайды, француздар – 
«ренессанс» деп, итальяндар болса «чинквеченто» дейді, бірақ оның 
мазмұнын осы атаулардың ешқайсысы да толық аша алмайды... 
Византия күйрегеннен кейін сақталып қалған қолжазбалар, Римнен 
қазып алынған антик ескерткіштер күйзеліске түскен Батыстың 
көз алдына жаңа дүниені - ежелгі грек дүниесін алып келді; оның 
жарқын образдары алдында орта ғасыр туындылары көмескіленіп 
қалды; Италияда мәдениет белгілі дәрежеде гүлденді, бұл гүлдену 
көне заманның классикалық шұғыласы болды және осыдан соң оған 
қол жеткізу мүмкін болмады. Италия, Франция және Германияда 
жаңа, қазіргі дәуір әдебиеті пайда болды. Көп уақыт өтпей Англия 
мен Испанияда классикалық әдебиет туды.
Бұл - осы дәуірге тән адамзаттың басынан өткен өзгерістердің 
ішіндегі ең ірі ілгерішіл өзгеріс болды, қаһармандар қажеттілігі 
туған және күші, жігер-қайраты, мінезі, жан-жақты білімділігі өзіне 
сай қаһармандарды дүниеге әкелген дәуір еді.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің маңызы оның феодалдық 
құрылыс пен шіркеуге қарсы алып барған табанды күрестерімен 
белгіленеді. Озық ойлы зиялылар христиан іліміне, схоластика, 


179
мистика, аскетизм және озбырлықтарға қарсы аяусыз күресті. 
Адам еркіндігі және оны дін құрсауынан азат ету мен дүниежүзілік 
мәдениетті қалыптастыру үшін өз білімі мен жігерін сарп еткен 
осы қаһармандар өздерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет