7.4 Сыртқы қҧрылғылармен жҧмыс Енгізу-шығаруды синхрондау кҥрделі мәселе және сыртқы
қҧрылғының тҥріне байланысты болады. «Е97»-де кҥй регистрі ӛте
қарапайым қҧрылған: онда дайындық биті деп аталатын орындау биті
бар. Бҧл компьютерде дайындық биті кҥй регистрінің жетінші
разрядында орналасады.
Барлық порттар 16-разрядты болады, бірақ ақпарат олардың
кіші байтында орналасады. Шығыс порттарға 8-ден 15-ке дейінгі
биттер мазмҧны формальді еңгізіледі, бірақ шығару қҧрылғысына
әсері болмайды.
Әрбір портқа ӛзіндік нӛмір (адрес) сәйкес келеді. «Е97»-де
оналтылық разрядтан келесі порттар қолданылады:
0 – пернетақта кҥйінің порты (тек оқуға арналған);
1 – пернетақта мәліметінің порты (тек оқуға арналған);
2 – дисплей кҥйінің порты (тек оқуға арналған);
3 – дисплей мәліметтерінің порты (тек оқуға арналған).
Енгізу-шығару порттарын қолданып, мәлімет алмасудың
стандарт алгоритмі келесідей болады. Кҥй порты оқылады және
таңбалық биттің кіші байтының мәні тексеріледі. Бҧл әрекет
дайындық биті сыртқы қҧрылғымен бір ретінде берілгенше қайталана
береді. Сонан соң егер ол шығару қҧрылғысы болса процессор
мәліметтер портына ақпарат жаза алады, ал енгізу қҧрылғысы болса
порттан оқи алады.
Дисплейге R0-ден бірлік символды шығару бағдарламасы
осылай болады.
0А21 порт2=>R1
E401 0 R1b мен салыстырылады
2DFA егер >=0, PC – 6 (тексеруді қайталау)
0B03 R0=> порт3
Алдыңғы ҥш команда
порт2 -дегі дайындық битін оқиды және
тексереді, ал соңғы команда дисплейге қажет символдың
шығарылуын қамтамасыз етеді.
Кіші байт разрядының таңбасын міндетті тҥрде тексеретін 0
«қысқа тҧрақтылы» командасына назар аударыңыз.
Символды енгізу процедурасы да шығару процедурасына сәйкес
болады.