Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


«Түс дәл табылып, айқындалған сайын, қылқалам



Pdf көрінісі
бет240/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
«Түс дәл табылып, айқындалған сайын, қылқалам
өздігінен қозғалады.»
Э.Делакруа. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім – 
тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер және қолөнер негізінде жастарға 
жан – жақты эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі – эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; 
сұлулыққа, тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат қоғамында бұрын – соңды 
жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге 
тәрбиелеу» қажеттігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты 


252 
болашақ ұрпақтың іс - әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында 
кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді.
Адамның рухани дамуына тікелей әсер ететін, оның көркемдік туралы талғамын, өмір 
шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыратын өнер түрлерінің бірі – қолөнер. 
Қолөнер сонау ерте заманнан бері қазақ халқының тарихынан біте қайнап келе жатқан өте 
бай қазына. Ғасырлыр бойы ұрпақтан – ұрпаққа қолөнер дәстүрін жалғастыруға әйелдер 
мұрындық болып келген. Қолөнердің де әлі де халыққа танылмай жатқан кейбір түрлері 
баршылық. Бұл мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп қарап бағалап, 
бүгінгі тұрмыста пайдаланған жөн. Халықтың осы ежелден қалыптасқан қолөнерінің сан – 
алуан түрлері баршылық. Көркемдік өнермен халық шеберлерінің туындысы бүгін 
жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің сарқылмас 
қайнар көзі болып отыр.
Соның ішінде бисермен тоқу өнері Қазақстанда қарыштап дамып, қанатын кеңге жайып 
келе жатқан өнердің бірі. Халық шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер 
бисермен тоқу, кестелеуді орындауды қолға алуда. Олар әсіресе көрмеге қатысуға, сонымен 
бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарын іздеп, одан әрі дамыту 
жақтарын іздеуде. Баланы жасынан еңбекке тәрбиелеу – адам қоғамымен тығыз байланысты. 
Ертерек кезде, жазу – сызу болмаған тайпалық дәуірдің өзінде де өз ұрпағын өмірге бейімдеп 
тәрбиелеу, оларды отбасында еңбекке, қолөнерге үйрету дәстүрі халық өмірінен өзекті орын 
алған деп болжаймын. Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан – ұрпаққа ұласып ежелден келе 
жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, 
ұлттық тәрбиесіне ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесінде жалпы білім 
беру саласында тәлім – тәрбиелік мәні зор халықтық қолданбалы өнер туындыларын оқу - 
тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, 
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: 
«Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. 
...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген 
сөзі осының айғағы. 
Бисердің шығу тарихына тоқталатын болсақ, бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, 
танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір 
түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), 
алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, 
сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары 
Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының 
осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, 
шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен 
айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, 
түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің 
шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда 
болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын 
Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп 
Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен 
таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. 
Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек 
болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ 
Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды 
сатқан екен. 
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге 
арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ 
киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып 
келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, 


253 
өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, 
мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді Су моншақтың аты араб сөзінен “бусер” 
жасанды моншақ дегенді білдіреді. Су моншақ б. з. б IV ғасырда шыны зерттеген кезде пайда 
болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте 
- бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге 
айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. 
Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүрген 
моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта 
теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп түнде от жағады. Оттың 
қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең, оттың қолаң тасынан ғажайып тас 
сияқты, қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл 
қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. 
Ортасынан жіп өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік 
бұйым ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады. 
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты ұлттық сана-сезім серпінімен 
қолданбалы-монументалды өнердегі түбегейлі өзгерістер байқалады. Көптеген қазақ 
суретшілерінің көркем туындыларында ұлттық-романтикалық бағытпен байланысты өзіндік 
көркем ой-пайым айқындалады.
Бисермен көркемдеу өнерінің Қазақстанда өнер түрі ретінде жөнсіз ұмытылуға 
ұшырап, тек қана кейінгі онжылдықтарда қайта қолға алынған жайы бар. Сол кезде бұл 
өнер түрінің өзіндік бірегей қайталанбас даму тарихы бар және бүгінгі күндегі заманауи 
интерьер дизайнында маңызды рөл атқарады.
Қазіргі заман авторлық дизайнерлік шешімдердегі бисермен көркемдеу өнерінің 
өзектілігі мен жоғары сұранысы, аталмыш көркем материалды зерттеу мен жүйелеудің 
маңыздылығын анықтайды. Ұсынылған ғылыми жоба бисермен тоқу өнерінің Қазақстандағы 
сан алуан түрлі бейнелеу өнері жүйесіндегі маңызы мен рөлін анықтап, оны өнердегі жеке 
кәсіп ретінде зерттеуге арналған. Бисермен көркемдеу өнері үшін басты маңыздылық бояу 
түстері болып табылады.
Кейінгі уақытта Қазақстан республикасында бисермен көркемдеу өнерінің дамуы оған 
заманауи дизайнерлердің қызығушылығының өсуімен байланысты деп пайымдалады. Бүгінгі 
таңда Қазақстанда бисермен тоқу өнері қарқынды дамуда. Қазақстанда бисермен көркемдеу 
өнерінің көне болмағанымен өзінің қызықты, әрі қайталанбас тарихы бар деп айтуға толық 
негіз бар. Бұл өнердің дәстүрлері біздің елімізде аз көлемде зерттелген. Қазақстанда 
бисермен көркемдеу өнері жайлы кең таралымдағы әдебиеттер жоқтың қасы. Ғылыми 
еңбектерде бисермен көркемдеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері көтерілмеген 
деуге болады. Бисермен көркемдеу өнері саласының қазіргі кездегі және өткен ғасырлардағы 
жетістіктері бейнелеу өнерінің жеке дербес өнер түрі ретінде, оның тенденциялары мен 
даму перспективалары тәрізді мәселелердің бәрі ұсынылған жоба жұмысының тақырыбы 
мен зерттеу пәні болды. Бұл тақырыптың зерттелу дәрежесінің аздығы, мағлұматтардың 
жұтаңдығына әкелді, тіпті ҚР электронды ресурстарының өзінде аз көлемде кездеседі. 
Қазақстандағы бисермен көркемдеу өнерін айрықша айқын, ерекше етуге үлкен талаптар 
бар, әсіресе еліміз бен шетелдерде сұранысын көбейту маңызды. 
Сонымен бисермен тоқу – өнердің ерекше қайталанбас түрі, ол күннен-күнге тек қана 
суретшілер қауымы қызығушылығын туғызбай, сондай-ақ талғамы жоғары қайталанбас 
интерьермен айналысатындардың қызығушылығын оятатыны анық. Сондықтан, еліміздің әр 
өңірінде жаңа ұлттық бисермен тоқу шеберханаларын ашу мүмкіндігін қарастыруын қажет 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет