Ключевые слова:
роман, история, образ, прототип, эстетика, идея, патриотизм,
исторический роман, дух.
Key words:
novel, history, image, prototype, esthetics, idea, patriotism, historical novel, spirit.
Жеке тұлғаны туған халқының ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи шығармалар арқылы
патриоттық рухта тәрбиелесек, олардың жан дүниесін жадыратып, келешекте елін жерін
қорғайтын, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар азамат тәрбиелеп шығарамыз.
Халқымыздың тарихы, ауыз әдебиеті мен тарихи шығармалардың тәрбиелік маңызы зор.
«Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» деп біз балаларды өз халқының алтын
қорынан
нәр
алып,
сусындауға
дағдыландыруымыз
керек.
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында
бүгінге дейін ең көп роман соның ішінде тарихи романдар (17) жазған жазушы І.
Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс»,
«Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы
арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т.б. романдары тың тақырыпта
жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны
серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді эстетикалық және
идеялық тұрғыда тәрбиелеуге, ұрпақтың отаншылдық, патриоттық сезімін шыңдауға, тарихи
санасын дамытуға ықпал ететіндігі, тарихи романның мән-маңызы, ұлттың рухани өміріндегі
ерекшелігі қамтылады [1, 82].
Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп,
тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде
қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан
тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік
пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі
күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес,
онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір
танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер
қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын
өткенді айта отырып, оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу – көркем
шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін,
уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады [2, 153].
Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңде байқалатын ұнамды үрдістерінің бірі — көне дәуір
оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу. Сан жағынан
алғанда тарихи тақырыпты туындылар жүздің бірі дерліктей санаулы ғана. Бірақ біз бұл
арада санды емес, көркемдік тәжірибедегі белгілі бір бетбұрысты айтып отырмыз, Мұның өзі
кездейсоқ қүбылыс емес, қоғамдық өмірдің даму қажеттерімен, өскелең мәдени, рухани
талаптармен тығыз байланысты нәрсе.
Тарихтың негізінде өткен дәуірді, тарихи тұлғаларды көркем әдебиетте ақиқатымен
бейнелеу адамды эстетикалық және идеялық тұрғыда тәрбиелеуге, ұрпақтың отаншылдық,
патриоттық сезімін шыңдауға, тарихи санасын дамытуға ықпал ететіндігі, тарихи романның
мән-маңызы, ұлттың рухани өміріндегі ерекшелігі қамтылады.
Белгілі жазушы, қазақ роман жанрының майталман тұлғасы І.Есенберлин
шығармаларында қазақ елінің тарихы көркем ғана бейнеленіп қоймаған, әрі тарихи шындық
та бейнеленген. Соның ішінде Абылай бейнесі тарихи шындықпен ұштасып жатқандығын
айта кету керек. Тарихи тақырыптағы сан алуан романдарды дүниеге әкелген Ілияс
Есенберлиннің әдеби мұра-сындағы Абылай бейнесіне келер болсақ нағыз тарихи
шындықты байқаймыз. Идеология тарапынан қысым-қиянат көруіне қарамастан
I.Есенберлиннің "Жанталасындағы" Абылай бейнесін сомдауда алғашқы ізденістің жасалуы
және бұдан кейінгі тарихи шығармаларда дәстүрлі жалғастық табуы, тарихи шығармалардың
зерттелу деңгейі, батыс, орыс романдарынан үйрену тәжірибесі ерекше.
96
Ілияс Есенберлиннің "Жанталас" романындағы Абылай бейнесінің сомдалу ерекшелігі,
авторлық ізденіс қырларын сөз еткенде I.Есенберлин сол кезеңдегі тарихи деректермен жете
таныса келіп, даңқты кайраткер Абылай туралы халық зердесінде сақталған, бірден-бірге
таралып жеткен аңыз-әңгімелер мен өлең-толғаулар, тарихи-жырлар, дастандарды жинап,
жүйелеп үлкен тарихи шығарма жазды. Бұқар жыраудың Абылайды алғаш Төле бидің
түйешісі ретінде тануы да сол заманның шындығына сәйкеседі. "Мен сені көргенде" деп
келетін әйгілі толғауларына, ел ішіндегі аңыз-әңгі-мелер мен би-шешен сөздеріне де зер
салған. Мәселен, Шоң Едіге бидің Абылайдың ұлы Уәли ханға бір дауды шешуде айтқан
сөзінде Бұкар жырау мен Абылай ханның арасындағы ағалы-інілідей сыйластық
сабақтастығының тамыры тереңде жатқаны сезіледі.
Аңыз, жырлардағы Әбілмансұрдың жас кезінен болмыс-бітіміндегі ерекшелік-терімен,
қасиеттерімен көпшілік көзіне түсуі, абыз жыраудың ойымен ұтымды жеткен. Аңыз-
әңгімелерде, Бұкар, Үмбетей, басқа да жыраулар өлең-толғауларындағы жоңғардың әйгілі
батыры Шарышты өлтіріп, ұрыста "Абылайлап" ұран салып, жауға шапқан Абылайдың
алғашқы ерлігі ромаңда көрініс таппаған [3, 134]. Керісінше, оны қатыгездік қырынан
көрсету белең алған. Бұкар мен Әбілмансұр арасындағы диалог мұны айқындай түседі.
Тарихи жырларда, өлең-толғау, аңыз-әңгімелерде Сабалақ-Әбілмансұрдың Абылай
атануы алдымен жоңғардың жойқын батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, содан соң
қалың қолды қайта ұрыска бастап, "Абылайлап" ұран салып, дұшпаның женуімен
сабақтастырылады.
Абылай есімінің Әділмен алмастырылуы, бір себептен, оны еліне әділдік іздеуші,
халыкты азаттық күреске бастаушы ұғымында бейнелеуді аңғартқандай. Абылай — романда
прототип.
Кейбір аңыз-әңгімелерде, тарихи өлең-жырларда Бөгенбай батырдың Абылайды жас
кезінен соғыс ісіне баулығаны, қолбасшылық қабілетін шыңдағаны айтылады. Романда Әділ
мен Бөгенбай (жазушы кітапта Бөкенбай деп алыпты) атқосшы шалдың өлімінде кездеседі.
Бөкенбай Әділдің асыл тегін сезінуімен бірге, елдік үлкен мақсатқа жұмылғанын ұғынып,
соған тілеулестігін білдіреді. Қарт қолбасшы мен жас батырдың елдік мүддедегі ортақ ой
тоғыстыруы, тілеулестік танытуы диалогта айқын ашылған.
Диалогтағы Қазыбек би мен Абылай арасыңдағы тартыс Ресей патшалығының
бодандығына ену мәселесінен өрбиді. Диалогта тарихи құжат негізі сақалынған. Олай
дейтініміз, кейінгі жылдары табылған Қазыбек бидің Ресей патшалығына жазған екі хатында
бодандық мәселесі қозғалған. Әділдің ойраттарды қолдауы тарихи дәуір тынысымен
сәйкеседі.
"Аңырақай" тарауында Әділдің бүкіл ел тағдырын шешкен әйгілі шайқастағы ерекше
ерлігі баяндалады. "Абылайлап!" ұран салып, сарбаздарын бастап, қалың жаудың құтын
қашырып, қазақтың мерейін асырған батыр Абылай бейнеленеді. Абылайдың қолбасшылық
талантын танытқан, ең бастысы, өзінің тарихи айбынды атын асқақтатқан, баба рухын
биіктеткен ерлік сюжетте кең ауқымда мазмұндалмаған. "Абылайлап" жауға шапқан жас
баһадүрдің шын есімі Әбілмансұр-Абылай екендігін оқырманға дәлелдейді. «Жанталаста»
диалог, ішкі монолог, портреттік суреттеме, авторлық баяндау, қосалқы сюжет Абылай
бейнесін жасауда өзіндік ерекшелігімен шығарманың компазициялық құрылымын ширатады.
Тарихи тұлғаның қайраткерлік болмыс-бітімінің қалыптасуын көрсетудегі авторлық
шешімнің орны ерекше. Кейіпкер характері тарихи оқиғалармен тікелей қатынаста ашылады.
Абылайдың қытай әскерінің көптігінен үздіксіз болатын ұрысқа төтеп беру қиындығына
байланысты бейбіт бітімге келу ұйғарымы. Әрі батырлар ерлігіне деген ризашылық сезімі.
Абылайдың осылайша батырларына сүйсініс білдіруі – дәуір шындығымен өзектес.
Қолбасшы ретінде Абылайдың алдымен, жасақтарды «идеялық» белгілері – берілгендігі,
адалдығы, жеңіс үшін өзін-өзі құрбан етуге әзірлігі, содан кейін батылдығы, күштілігі және
басқа да батырлық қасиеттері бойынша іріктейтіндігі, жорыққа шыққанда Абылайдың сан
жағынан қарсыласынан басым болуға ұмтылатындығы, бірақ аз күшпен-ақ жеңіске жетіп
жүретіндігі – тарихи дерек негізі .
97
Тарихи деректер, фольклорлық шығармалар болсын, Абылай бойындағы халық қадір
тұтар қасиеттерінің бірі – дүние, байлыққа қызықпағандығы. Мұның өзі ұлы тұлғаға тән
парасаттылық. Хан қабағындағы салқындықты өзінше ұққан Қаработа үйлі аманаттардан тыс
әкелетін сый-сияпаттарын тізіп айта бастағанда, Абылай оны кесімді сөзімен тоқтатады.
І.Есенберлиннің «Жанталас» романында Абылай «Жайыл қырғынында» бейбіт
халықты қырып-жоюшы басқыншы бейнесінде сомдалса, Қ.Жұмаділов Абылайдың көрші
елге жорығы қырғыз манаптарының өңтүстік өңіріндегі қазақтарға көрсеткен қиянат-
қорлығымен сабақтастырылады, қазақ-қырғыз қарым-қатынасына қатысты құжаттарды
саралап, тарихи шындық көзін ашқан [4, 110]. Диалогтарда Абылайды даралайтын терең ой,
шебер саясат, сөз, маңызды тактикалық шешім, алғырлық және де басқа қасиеттері
қайраткерлік келбетін толықтырады.
Жазушы ұзақ жылдар жинаған тарихи дерек көздерінен, құжаттардан, ресми хаттардан
қажеттілерін Абылай заманының шындығын көрсету мақсатында сұрыптап пайдаланған.
Тарихи тұлғаның дәуірінде атқарған қайраткерлік, саясаткерлік, қолбас-шылық алуан істерін,
адамгершілік қасиеттерін, мінез-қылық ерекшеліктерін, жеке ерліктерін тарихилық аясында
сомдаған. Абылай бейнесін сомдауда тарихи, көркем детальдар тұтастығы сақталады.
Романда тарихи тартыстар шынайы тарихи дерек көздерінің негізінде өрбиді.
«Алмас қылыш» пен «Жанталас» романында жарық көрген кезде ғалымдар, сыншылар
Р.Бердібай, [1] М.Әуезов, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғалиев және басқалар тарихи туындыға өз
ойларын білдірген. Қазақ тарихи романдарын жүйелі зерттеген Р.Бердібай: «...Жазушы
Абылай бейнесін тарихи шындыққа орайлас жасауға ыждаһат, ілтипатын төккені байқалады»
деп романдағы Абылай хан тұласының сомдалу ерекшелігіне тұжырымды бағасын берді [1].
Профессор Қ.Алпысбаев: «І.Есенберлин «...жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде
Абылайдың көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген» деп бағалайды [2].
Шығармада Абылайдың Аңырақайдағы даңқты жеңіске қосқан үлесі сарала-нады.
Әбілмансұр-Абылайдың қатарындағы сарбаз болып ұрысқа кіріп, ерлік ісімен танылуы, қол
жасақтауы, қолбасшылық талантының шыңдала бастауы, өмірінің елеулі кезеңдері тарихи
шындық негізінде көркемдік шындықпен ұтымды ұштастырылған.
«Елең-алаң» атты екінші кітапта Абылай билік басындағы беделді тұлғалардың
қатарында баяндалғанымен, елдік мүддедегі маңызды оқиғаларда жиі бой көрсете бер-мейді.
Кейбір тұтас маңызды саяси, билік мәселелеріне араласуы әңгімеленеді. Роман Әбілхайырға
арналғанымен суреткердің Абылайды сол кезеңдегі беделді тарихи тұлға ретінде бейнелеуі
де тарихи дәуірдің шындығын ашуға негізделген.
Аңыз-жырларда Абылай жанарының оттылығы мен сұстылығы, жүзіне тіктеп қарауға
ешкімнің дәті жетпейтіндігі, көзқарасының сестілігі мен суықтығы сипатта-лады. Абылай
жаныры І.Есенберлиннің «Жанталасында» бірде шағатын жыланның көзіне кескінде
бейнеленеді. С.Сматаев Абылай жанарының оттылығын «сексеуіл жігерінің қызулы
шоғына» балайды. Қ.Жұмаділов дилогиясында 13 жасар Сабалақ «ешкімнен қаймықпайтын
отты жанарымен» текті тұқым тұяғы ретінде Төле бидің назарын бірден аудартады.
Ұ.Доспанбетидің Сабалақ жанарын «жыланкөз» деп теңеуі әрі оны жиі қайталауы тарихи
тұлға протретінің шынайылығын бұзады.
Өз ойымызды тұжырымдасақ, Есенберлин тоқталған тарихи тұлғаның аса күрделі де
зор тұлға екендігінен хабардар боламыз. Абылай күрделі де қиын дәуірде өмір сүрсе де,
келешекке зор үміт артып, биік мақсаттарға ұмтылды. Абылайдың өз заманынан көктеп өтіп,
бүгінгі уақытқа жеткен екен. Жалпы өз пікірімізді тұжырым дасақ, жазушы Ілияс
Есенберлин тарихи деректер мен құжаттарды, шежірелер мен әдеби мұраларды тиімді
пайдаланумен бірге, оны кейіпкер өміріндегі елеулі оқиға-лармен ұштастырып, жинақтап,
жүйелеп, Абылайдай ұлттық қайраткердің тарихи болмыс-бітімін дәуірлік рухта көркем
кескіңдеген. XVIII ғасырдағы қазақ халқының тарихи тағдырындағы Абылай ханның
қайраткерлік ролін өмір шындығымен тығыз ұштастыра бейнелеу мақсатында тарихи
материалдарды романдағы тарихилық сипаттың механизміне айналдырған.
98
Тарихи деректі сюжеттік желіге шеберлікпен қиюластырған. Жазушы жоңғар ханы,
қытай боғдыханы, орыс патшалығы өкілдіктерінің Абылай ханға жазған хаттарының мәтінін
толық мазмұндамаған. Тарихи шындықты ашатын ең қажеттілерін ғана алып, оған Абылай
көзқарасын сабақтастырған. Абылайдың зеңбірек пен мылтық сұрап, Ресей және Қытай
патшалығына жіберген хаттары немесе келген жауаптың мазмұны тәпіштеліп баяндалмаған.
Абылайдың көкейінде бұғып жаткан сыр — Қоқанға карсы қолданар айланың бірі екендігі
айтылады да, оған екі патшалықтың қандай пиғылмен қарағаны қысқаша тұжырымдалған.
Хан Абылайдың бейнесін сомдауда жазушы өте сұңғылалық таныта отырып, тарихта болған
жанның суретті бейнесін жасап, оқырман алдында тарихи тұлға қалыптастырады.
Жазушының тарихи романдарының желісінде үзбей жалғасып келе жатқан тарихи тұлғалар
көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |