№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз


 «Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!» Жастар – ел болашағы



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#85004
түріReferat
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
50 esse gumanitar 2019

44. «Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!» Жастар – ел болашағы, 
қоғамның қозғаушы күші екендігін талдап жазыңыз. 
«Отан отбасынан басталатындықтан», ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті 
балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі 
құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін 
маңызды іс. Елбасымыздың әрбір Жолдауына зер салсақ, онда жүктелген міндеттер, ең 
алдымен, жастарға жүктелген жауапкершілік екенін аңғаруға болады. Президентіміздің 
айтуынша, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – лайықты тұлға ретінде 
болашақ ұлтжанды азаматты тәрбиелеу болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінін 
нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін ұлағатты ұрпақ деп біледі. Осының барлығы да, кең 
ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар жастардың қозғаушы күші 
ретінде танылады. 
Тілімізді, ұлттық мүдделерімізді насихаттайтын да, өзімізді-өзгелерге танытатын да, 
өскелең ұрпақ екені ақиқат. Кезінде Конституциясын АҚШ жазып берген Жапония, білім 
алу үшін жастарын шетелге жіберді. Экономикасы мығым, ғылыми технологиялардың озық 
тұсын зерделеген жапон жастары алған білімдерін өз елінде бөлісіп, кәдеге жаратып, 
Жапонияны әлемдегі ең мықты елдердің біріне айналдырды. 
Әрқашан ізденіп, білім алуға, ғылым үйренуге құлшыныс танытқан біздің жастар да, 
Елбасы бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде 
білім алып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Бірқатар болашақ түлектері қазіргі таңда ел 
дамуына үлестерін қосып, қызмет атқаруда. 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты 
Қырандай күшті қанатты 
Мен жастарға сенемін, 
-деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк байрағын биіктететін де, әлем алдында оны 
танытатын да – жастар! 
Біздің халқымыз адалдық пен әділдікті паш еткен мерейі үстем, ұрпағы ұлағатты жұрт 
болатыны сөзсіз. Надандықтың емі – білім, тәкаппарлықтың емі – имандылық, яғни, мейірім, 
бауырмалшылдық. Олай болса, ойымыз түзу, ниетіміз таза болғай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет