а) Қамқорлық хақы
Шариғат бойынша, балаға қамқоршы болуға ең лайықты адам
– анасы. Ата-ана ортақ түтiн түтетiп отырған кезде де, ажырасқан
кезде де, ананың құқығы бірінші орында тұрады. Қамқорлық
құқығынан айыратын себеп болмаса, бұл құқыққа анадан артық
ешкім ие бола алмайды. Анадан кейінгі қамқоршы құқығы
ананың анасына беріледі. Одан соң әкесінің анасына, сосын әпке-
қарындастарына беріледі. Бұл туралы фиқһ кітаптарында кеңінен
баяндалған.
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын):
«Бір әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Мына баламды
(қиналып)
көтеріп, ақ сүтімдi берiп,
әлпештеп баққан едiм. Әкесі мені талақ етті. Енді баланы алып
қалмақшы», – дейді. Пайғамбар (с.а.с.) оған:
Достарыңызбен бөлісу: |