Діннен қайтудың некеге тигiзер әсері Ғұламалар «Исламнан қайту еркектен болсын, әйелден
болсын, некені бұзады және онымен ерлі-зайыптылар
арасындағы халалдық жойылады» деген пікірге бірауыздан
келіскен. Бірақ олар «дінбұзарлыққа байланысты неке қай
уақыттан бастап бұзылады» деген сауалға орай түрлі пікірлер
білдірген. Мысалы, ерлі-зайыптының бірі Аллаһ тағаланы
балағаттаса, неке бірден бұзыла ма?
Имам Шафиғи және Ахмадтың пікірінше (Аллаһ оларға рақым
етсін): «Егер муртад әйелінің иддасы кезінде тәубеге келсе,
бұрынғы некелерінде қалады, қайта неке қиылмайды. Ал егер
еркек тәубесіне келіп, Исламға қайта оралуынан бұрын әйелдің
иддасы бітіп қалса, онда неке жаңадан қиылады. Егер әйелімен
әлі қосылмаған болса, онда еркектің діннен қайтуымен әйел
мүлдем ажырайды».
Ханафилердің пікірінше: «Ерлі-зайыптының бірiнiң діннен
қайтуы некенің бұзылуына және олардың айрылысуына себепкер
болады. Бұл жөнінде қазының шешімін күтудiң қажетi жоқ. Егер
де муртад тәубеге келіп, әйелімен тұрмысын жалғастыруды
қаласа, некесi қайта қиылады».
Мәликилерде: «Діннен қайту – бірден ажырайтын бір талақты
түсіреді. Бұдан кейін қайтадан неке қию міндеттеледі».