Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет5/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Сендер осылай да осылай 
дедіңдер ме? Аллаһпен ант етейін! Мен – іштеріңдегі 



Аллаһтан ең көп қорқатын тақуаларыңмын. Сонда да намаз 
оқимын, ұйықтаймын, ораза ұстап, ауыз ашамын және 
әйелдерге үйленемін. Кім менің жолымды қаламаса, менің 
үмбетімнен емес»
, – деді»
, – делінген
1

«Кім менің жолымды қаламаса»
дегені кім менің істеген 
амалыма қарсы шықса, 
«менен емес»
, яғни жеңіл, таза дінді 
ұстағандар қатарында бола алмайды. Өйткені ол бұйырылмаған 
амалдарды істеп, өзіне қиындық жүктеп алады. Сондай-ақ 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзінің мағынасында «кімде-кім 
өзінің ғибадатын Пайғамбардікінен (с.а.с.) артық санап, оның 
жолына қарсы шықса, оның (с.а.с.) үмбетінен емес, яғни мұндай 
сенімде болу кәпірлікке алып барады» деген ой жатыр. 
Ислам шариғатында некеге адамның жағдайына және халіне 
қарай бес түрлі үкім беріледі. 
1) Парыз.
Өзінің нәпсісін тыя алмай, зина жасап қоюдан 
қорыққан, үйленуге қаражаты бар адамға үйлену парыз болады. 
Сондай-ақ адамда төмендегі жағдайлар белең алса, оның үйленуі 
парыз саналады: 
а) Үйленбеген жағдайда зина жасап қоятындығы анық болса; 
ә) Адамның шаһуатын әлсірететін ораза ұстауға шамасы 
келмесе; 
б) Мәһр төлеуге және әйелін қамтамасыз етуге жағдайы болса. 
2) Сүннет.
Үйленбеген жағдайда зина жасаудан өзін тыя 
алатын болса, бірақ шаһуатын басу үшін үйленуді қаласа, ол 
адамға үйлену – сүннет. 
3) Харам.
Егер үйлену адамның шариғат тыйым салған харам 
істерді орындауына себепші болатын болса немесе өзінің ерлі-
зайыптық міндеттерін орындай алмайтын кемшілігі болса, оған 
үйленуге болмайды. Себебі ол үйлену арқылы басқалардың 
құқықтарына қол сұғады. 
4) Мәкруһ.
Егер үйлену оған шариғат тыйым салғанды 
орындауға анық себепші болмағанымен, сондай қауіп болған 
жағдайда үйленудің үкімі мәкруһ болып саналады. 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 



5) Мубах.
Егер адам зина жасаудан өзін тыя алатын болса 
және үйленуді қаласа, оған үйлену – мубах. Сүннет пен мубахтың 
айырмашылығы: шаһуатын басуды және ұрпақ қалдыруды ниет 
етіп үйлену – сүннет, ал ниет етпесе, үйлену мубах болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет