Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
26
бір ДҚ-да сақтасақ, онда әрбір жазбада тауар атының қасына, жеткізушінің
мекен жайы үшін өріс қарастыру керек болады. Егер бір жеткізуші бірнеше
тауар шығарса, онда көптеген жазбалар бірдей ақпарат:
әрбір тауар аты үшін бір жеткізушінің мекен жайын сақтаушы еді. ДҚ-
н құрудың бұл амалының кемшіліктері бар:
-ДҚ-на белгілі жеткізушінің жаңа тауары тұралы ақпарат енгізуде,
оның мекен жайын тағы да құрылатын жазбаға енгізу керек;
-егер жеткізушінің мекен жайы өзгерсе, онда берілген мекен жайдан
тұратын барлық деректер блоктарын тексеріп, жаңартып шығуға тұра келеді.
Реляциялық ДҚ-да ақпараттар екі өлшемді кесте түрінде сақталады. Әрбір
кестеде берілген типті (адамдар, тауарлар және т.б. )объектілер жиынтығы
тұралы мәліметтер болады.
Кестедегі қатарлар (жолдар) жазба деп аталады. Жазба - бұл карточкада
немесе бланкіде сақталған ақпараттың компьютерлік аналогі. Кестедегі кез-
келген жазбада бір объект тұралы (адам, тауар), ақпарат болады.
Кестедегі бағандар өріс деп аталады. Өріс - бұл карточка немесе
бланкінің графасының компютерлік аналогі. Барлық жазбалар өрістердің
бірдей жинағынан тұрады. Мұнда сипатталатын объектілердің қасиеттері
тұрала ақпарат болады. Мысыалы, егер кестеде студенттер тұралы
мәліметтер болса, онда оның әрбір жазбасында нақты студент тұралы ақпарат
сақталады. Бір өріске оның коды, екіншісіне оқитын топ нөмірі, үшіншісіне
фамилиясы т.с.с. орналасады. Әрбір өрістің мәндері деректердің бір типіне
жатады: сандар, символдар қатар, мезгіл. Жеке жазба мен жеке өрістің
қиылысуы ұяшық деп аталады, ал жеке ұяшықтағы жеке деректердің өзі өріс
мәні немесе кесте әлементі деп аталады. Қарапайым жағдайда ДҚ бір
кестеден тұрады, әдетте ол бірнеше өзара байланысқан кестелерді қосады.
Кестелер арасындағы байланыс (relation) бірдей өрістер арқылы жүзеге
асырылады. Реляциялық ДҚ-да кестелер арасындағы байланысты орнату, бір
мезгілде бірнеше кестелерден ақпаратты алып тастау және біріктіруге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: