Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу.
Мәліметтер қоры бір каталогта орналасатын бірнеше кестеден тұрады.
Каталог жаңа мәліметтер қоры үшін әдеттегі жағдайдағыдай құрылады,
мысалы Проводниктің көмегімен құруға болады. Кестені Delphi құрамына
кіретін Borland Database Desktop утилитін қолданып немесе мәліметтер қоры
серверіне SQL-сұранысты қолдану арқылы құруға болады. BDE кітапханасы
мәліметтер қоры файлына кіру үшін, файл орналасқан каталогты емес, оның
псевдонимін пайдаланады, онда жаңа мәліметтер қорының кестесін құрудан
бұрын, осы мәліметтер қоры үшін псевдоним құру қажет.
Сонымен, мәліметтер қорын құру процесін келесі қадамдардың тізбегі
түрінде көрсетуге болады:
▪ Каталог құру;
▪ Псевдоним құру;
▪ Кесте құру.
Каталог құру.
«Телефон кітапшасы» мәліметтер қоры мысалы
негізінде \Проекты каталогында
Телефон
каталогын және оның ішінде
Data
ішкі каталогын құру қажет.
Псевдоним құру
Мәліметтер қоры псевдонимі Delphi-ге кіретін
BDE Administrator
утилиті көмегімен құрылады, ол Windows-тан
Проводник-Borland Delphi 7
мәзірінен
BDE Administrator
командасын таңдап жіберу арқылы орындалады.
BDE Administrator
жүктелгеннен кейінгі сұхбат терезесінің түрі суретте
көрсетілген (2.6-сурет).
Databases қосымшасында, терезенің сол жақ бөлігінде компьютерде
тіркелген, псевдонимдер көрсетілген. Жаңа псевдоним құру үшін,
Object
мәзірінен
New
командасын таңдау керек. Сосын ашылған
New Database Alias
(мәліметтер қорының жаңа псевдонимі) сұхбат терезеде
Database Driver
Name
тізімінен құрылатын мәліметтер қорының типін таңдау қажет.
Псевдоним құру барысында қалыпты жағдайда, Paradox форматында
кестеге кіруге мүмкіндік беретін STANDART драйвері ұсынылады (2.7-
сурет).
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
55
Драйверді таңдап болған соң, ОК түймесін басу керек, сонда
псевдоним тізіміне жаңа элемент қосылады (2.8-сурет).
Бұдан соң администратордың көмегімен автоматты түрде құрылған
псевдонимнің атын және псевдоним құрылатын мәліметтер қоры файлының
жолын көрсету керек. Псевдоним атын Windows тәсілімен өзгертуге болады:
псевдоним атына тышқанның оң түймесін басу, шыққан контекстік мәзірден
Rename командасын таңдау және ашылған сұхбат терезеде жаңа атты енгізу.
Мәліметтер қоры файлы жолын
Definition
қосымшасының
Path
алаңында пернетақтадан немесе
Path
алаңының соңында орналасқан үш
нүктелі түймеге шерту арқылы ашылатын
Select Directory Path
(Каталогты
таңдау) стандартты сұхбат терезесін пайдаланып көрсетуге болады (2.9-
сурет). «Телефон кітапшасы» мәліметтер қорын үшін Telefon псевдонимін
құрғаннан кейінгі BDE Administrator терезесінің түрі, мысал ретінде келесі
суретте келтірілген (2.9-сурет).
Құрылған псевдоним конфигурация файлында (Idapi.cfg) тіркелген
болу үшін,
Object
мәзірінен
Apply
командасын таңдау керек. Ашылған
Confirm
сұхбат терезесінде конфигурация файлындағы өзгерісті сақтау
керектігін растау қажет.
Кесте құру
Delphi құрамына кіретін
Database Desktop
утилитінің көмегімен кесте
құрылады.
Database Desktop
утилитасы мәліметтер қорымен жұмыс істеуде
қажетті барлық әрекеттерді орындауды жүзеге асырады. Ол әртүрлі
форматтағы мәліметтер қоры кестелерін құруды (Paradox, dBASE, Microsoft
Access), қарап шығуды және өңдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
утилита сұраныс құру жолымен ақпараттарды таңдауды орнындауға да
көмектеседі.
Жаңа кесте құру үшін,
Tools
мәзірінен
Database Desktop
командасын
таңдап,
Database Desktop
жүктеу.
Database Desktop
утилитасының шыққан
терезесінен
File
мәзірінен
New
командасын таңдау керек және шыққан
тізімнен
Table
-құрылатын файлдың типін таңдау (2.10-сурет).
Сосын
Create Table
ашылған сұхбат терезесінде құратын кестенің типін
таңдау (мәні келісім бойынша
Paradox 7
типі болып табылады) (2.11-сурет).
Нәтижесінде кестенің жазбаларының құрылымын анықтайтын,
Create
Paradox 7 Table
(2.12-сурет) сұхбат терезесі ашылады.
Кестенің әрбір өрісі үшін, өріс атын, типін және керек жағдайда өріс
мөлшерін енгізу қажет.
Field Name
бағанына енгізілетін, өріс аты ретінде
ұзындығы 25 символдан аспайтын латын әріптері мен цифрлар тізбегі
пайдаланылады.
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
56
Достарыңызбен бөлісу: |