2.4
Функциялар
Мектептің электрондық профилі функцияларын оның қатысушылары үшін баптау
мүмкіндігі бар (5 сурет). Функцияларды қосып, өшіруге болады, осы ретте ешқандай деректер
жойылмайтын болады. Келесідей функциялар қолжетімді:
«Күнтізбе»
- функция ұйымның күнтізбесін қосуды қамтамасыз етеді. Ұйымның
барлық қатысушылары оқиғаларды көре алады;
«Топтар»
- мектепте топтарды қосу. Ұйымның барлық қатысушылары сыныптарды
көре алады;
«Форум»
- форумдарды қосу. Ұйымның барлық қатысушылары форумдарды көре
алады;
«Файлдар»
- файлдар қоймасын қосу. Ұйымның барлық қатысушылары файлдарды
көре алады;
«Қабырға»
- ұйым қабырғасын қосу. Ұйымның барлық қатысушылары онда
хабарламаларды жаза алады;
«Бет»
- ұйым беттерін қосу функциясы. Ұйым қатысушылары барлық жасалған
беттерді көре алады. Беттерді тек ұйым әкімшілері ғана жасап, өңдей алады;
«Сайт»
- көпшілік сайт функциясы. Ұйым қатысушылары барлық қосулы
функцияларды көре алады, қалғандарға тек ұйым профайлы ғана қолжетімді.
Нақты функцияларды орнату үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
«Ұйымға әкімшілік ету» бөліміне кіру;
«Параметрлер» блогында «Функциялар» тармағын басу;
бетте қажетті функцияларды таңдау және көрсету;
«Сақтау» түймешігін басу.
Әкімші нұсқаулығы
10
Достарыңызбен бөлісу: |