қосымша бетіне басу;
көрсету: пән мектеп бойынша барлығына немесе белгілі бір параллельдерде
оқытылады. Егер «Таңдалынған параллельдер» тармағы белгіленген болса,
қалқымалы тізімдердің көмегімен пән оқытылатын параллельдерді көрсетуге
болады;
«Сақтау» түймешігін басу. Қажет болған жағдайда операцияны қайталау қажет.
17 сурет - «Пән» - сынып» байланысын орнату 4.7 Оқу топтарын құру Сабақтар кестесін дұрыс құру үшін әрбір сыныпта оқу топтарын алдын-ала құру қажет. Оқу
топтарын құру және баптау бойынша барлық әрекеттер өңдеу режимінде сынып
парақшасында жүзеге асырылады (18 сурет).
Әкімші нұсқаулығы
24
18 сурет - Оқу топтары Оқу топтарын құру үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
«Сыныпты өңдеу» бөліміне кіру;
«Оқу топтары» қосымша бетіне басу;
«Топты құру» түймешігін басу;
білім алушылардың бөліну тәсілін таңдау:
o
«Қолмен» - жалпы тізімнен сыныпты құру үшін білім алушыларды таңдауды
қызметкерлері жүзеге асырады;
o
«Ұлдар/Қыздар» - білім алушылардың тізімін жыныстық белгілері бойынша
автоматты түрде екі бөлікке бөлу;
o
«Әліпби бойынша екі бөлікке» - білім алушылардың тізімін әліпбилік реттілік
бойынша екі бөлікке бөлу.
«Ары қарай» түймешігін басу.
Ашылған бетте білім алушыларды таңдауды жүзеге асыру немесе осыған дейін
таңдалынған бөлу тәсіліне қарай автоматты түрде бөлу нәтижелерін тексеру қажет:
o
«Қолмен»: бетте қызметкер білім алушыларды ішкі топтар арасында өз бетінше
үлестіреді;
o
«Ұлдар/Қыздар»: бетте 2 оқу тобы ұсынылған, олардың біреуінде барлық
қыздардың Толық аты-жөні, екіншісінде - барлық ұлдардың Толық аты-жөні
болады. Қызметкер тізімнің дұрыстығын тексереді және қажет болған жағдайда
түзетулерді енгізеді.
o
«Әліпби бойынша екі бөлікке»: бетте білім алушыларды әліпбилік реттілік
бойынша екі бөлікке бөлу нәтижелері ұсынылған. Қызметкер тізімнің дұрыстығын
тексереді және қажет болған жағдайда түзетулерді енгізеді.
Әрі қарай құрылған оқу топтарының қысқаша (кестеде көрінуі үшін) және толық
атауларын енгізу және «Топты құру»
түймешігін басу қажет (19 сурет).
Әкімші нұсқаулығы
25
Сынып түймешігіне басқаннан кейін