34 сурет – Кіруге арналған деректерді қалпына келтіру 6. Есептік кезеңдер Мектепте білім алушылардың әр түрлі топтары (оқытудың, параллельдің, жеке
сыныптардың сатылары және т.б.) үшін есептік кезеңдердің әр түрлі типтері қабылдануы
мүмкін. Егер кезеңдердің типі бірдей болса, олардың басталу және аяқталу күндері қосымша әр
түрлі болуы мүмкін.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, жүйеде есептік кезеңдердің қажетті топтар санын
құру және баптау мүмкіндіктері жүзеге асырылған. Есептік кезеңдердің құрылған топтарының
олар қабылданған сыныптармен байланысы сыныпты құру барысында немесе сынып
деректерін өңдеу кезінде жүзеге асырылады.