Тауарлардың, ұйымдардың, аймақтардың бәсекелік артықшылықтары Тауардың бәсекелік артықшылықтары дегеніміз тауардың
нарықта басқа тауарлармен бәсекелесе алатынын қасиеті. Қазіргі
заманда тауардың бәсекелестік артықшылықтары әртүрлі. Дәстүрлі
артылықшылықтары – баға мен сапа. Мысалы, көптеген қытайлық
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі бағаға байланысты. Сонымен
бірге екі белгі «баға – сапа» қатар жүреді. Ол кезде бәсекелік
артықшылықтарды баға мен сапаның арақатынастары арқылы
түсіндіреміз.
Ұйымның бәсекелестік артықшылықтары – ол активтер мен
фирмалардың сипаттамасы (жабдықтар, сауда маркасы, шикізатқа
меншіктік құқы, иілмелдігі, персоналдың біліктілігі және т.б.).
Олар бәсекелестікке таласушылар алдында өзінің артықшылығын
байқатады. Бәсекелік артықшылықтардың құпиясы - өндірістің
сәтті интеграциялануы болмаса фирманың мамандандырылуы.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай бәсекелестік қабілеттілігінің
шешуші факторларының бірі - ақпараттық фактор, сонымен қатар
коммерциялық бәсекелестік фактор – ол адам факторы.
Аймақтың (елдің, қаланың) бәсекелестік артықшылығы – ол
біліктілігі жоғары адамдармен қамтамасыз ету (осы аймаққа тарту),
сонымен қатар оның дамуын қамтамасыз ететін капиталды тарту.
Аймақтардың өзара бәсекелестігі мына бағыттарда жүреді:
•
өмір сүру қамтамасыздығы (қала халқының өмір сүруін
қамтамасыз ету үшін жаңа инфрақұрылымдарды жасау);
•
бизнес үшін ең жақсы жағдайлар жасау, ішкі және шетелдік
инвестицияларды тарту;
•
қолдағы бар өндірістік қуаттарды сақтау;
•
коммуналдық қызмет көрсетудің деңгейін көтеру;
•
қонақжайлылық индустриясын дамыту;
•
ақпараттық технологияларды пайдалану;
•
жоғары білікті жұмыскерлердің болуы;
•
жауапкерлік және тиімді жергілікті басқару.
Аймақтың әдеттегі бәсекелік артықшылығы – ол табиғи
34
ерекшеліктері. Мысалы, ауа райы нашар, өмір сүруге жағдайы жоқ
жерлерге адамдарды тарту үшін қосымша ынталандыру қажет.