Дескриптор
Білім алушы
-
сұйық қысымы өзгерісін анықтайды;
-
газ қысымының неге тәуелді екенін түсіндіреді;
-
қатты дене қысымы қалай өзгеретінін анықтайды;
-
қатты денелер қысымының сұйықтар мен газдан өзгешелігін
түсіндіреді.
газ
сұйық
қатты дене
38
а
Оқу мақсаты
6.5.2.6
Тиісті құралдарды қолдана отырып, атмосфералық
және артериялық қысымды өлшеу және қорытынды жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Атмосфералық құралды өлшеу құралын
қолданады
•
Артериялық қысымды өлшеуге арналған
құралдың жұмыс жасау принципін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.
Кестені толтырыңыз.
Құралдың аталуы
Қолданылу мақсаты
Қолданылу саласы
а
b
2.
Аспаптың көрсетуін анықтап, жазыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
-
атмосфералық қысымды өлшеу құралын сипаттайды;
-
артериялық қысымды өлшеуге арналған құралды сипаттайды;
-
артериялық және атмосфералық қысымды өлшеу құралдарының
көрсетуін анықтайды.
b
39
4-
ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім 6.4А «Экология және тұрақты даму»
Бөлім/ Тақырып
6.4
Экология және тұрақты даму
Оқу мақсаты
6.6.1.1 Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара
байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Экожүйе құрамдас бөліктерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.
Сызбада берілген экожүйедегі ағзалардың арасындағы қарым қатынасты анықтаңыз. Ол
үшін,егер бір ағза екінші ағзаны қорек ретінде пайдаланса, сол ағзадан бастап бағдаршалар
жүргізіңіз. (№1үлгіде көрсетілгендей).
(а)
Жүргізген бағдаршаларыңызды пайдаланып, кестені толтырыңыз
.
A)
өндірушілер (Producers)
B)
шөп қоректі (Herbivores)
C)
ет қоректі (Carnivores)
D)
қорек талғамайтын (Omnivores)
2.
Сызбаға назар аударыңыз. Жануар тіршілігін жойғанда оның денесіндегі энергия
ыдыратушылардың іс әрекеті нәтижесінде босап шығады.
40
(а) Шөптің энергиясы жануар ағзасына қалай өтетінін түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________________
__
_____________________________________________________________________________________
b)
Осы үрдіске қатысатын микроағзалардың бір тобын атаңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
сызбада экожүйе компоненттері арасындағы қарым-қатынасты
көрсететін бағдарша жүргізеді;
-
шөп қоректі, ет қоректі, қорек талғамайтын ағзаларды анықтайды;
-
шөптің энергиясы шөп қоректі ағзаға қалай өтетінін түсіндіреді;
-
зат айналымға қатысатын микроағзалар тобын атайды.
41
Бөлім 6.4 В «Әлемді өзгертетін жаңалықтар»
Тақырып
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Оқу мақсаты
6.7.1.2 Жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық
ғалымдардың үлесін талқылау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Қазақстандық ғалымдар ашқан жаңалық
маңыздылығын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Республикалық «Егеменді Қазақстан»
газеті 2017 жылдың 9 тамызындағы басылымында
жарияланған мақаласында Астанадағы ЖШС
«Родина» Агрофирмасында «НӘР» синбиотикалық
сусын өндіріле бастағанын хабарлайды. Ағымдағы
жылы осы сусын Астана қаласы мен Ақмола
облысының аймақтарында сатылымға шығарыла
бастайды.
"Нәр" қазақтың ұлттық қымыз, қатық,
шұбатының негізінде жасалған емдік қасиеті бар
сусын. Өндіріске бұл сусынды Назарбаев
Университетінің Ұлттық Зертханасының зерттеушілері мен ғалымдары ойлап шығарып,
ұсынған. «НӘР» қант диабеті және артериалды гипертония, артық салмақ және
онкологиялық аурулар кезінде қосымша терапия ретінде ұсынылады.
«Сусын тестілеудің бірнеше кезеңінен-зертханалық, клиникалық сынақтардан өтті.
Сусынды қабылдау арқасында асқазанның ас қорыту қызметі жақсарып, адамның
иммунитеті артатыны белгілі боп отыр. Сонымен қатар қан құрамындағы холестерин
көрсеткіші де төмендейді»,-дейді Назарбаев Университетіндегі Ұлттық Зерттеу
орталығының директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділов.
Ақпарат бойынша тапсырмалар:
1.
«
НӘР» адам өмірін ұзартатын сусын деп атауға болады ма? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.
2.
Қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалығының маңыздылығына талдау жасаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
-
сусынның емдік қасиеттерін анықтайды;
-
сусынның адамдар денсаулығы үшін қаншалықты пайдалы
болатындығына талдау жасайды.
42
Тақырып
6.4
Болашақ жаңалықтары
Оқу мақсаты
6.7.1.3
Ғылыми зерттеулердің бағыттарының
болашақтағы дамуына болжам жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Ғылыми зерттеулердің даму бағыттарына
талдау жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Физика бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығы америкалық зерттеушілер Кип Торн,
Райнер Вайсс және Барри Бэрришке гравитациялық толқындарды тапқаны үшін берілген.
Гравитациялық ғарыш толқындарының бар екенін Альберт Эйнштейн осыдан жүз жыл
бұрын болжаған. Оларды қозғалыстағы массалы денелер шығарады, бірақ толқындардың
шамасы өте әлсіз болғандықтан, оларды тіркеу мүмкін емес еді.
Ғалымдар 2002 жылы LIGO лазерлік-интерферометриялық обсерватория тұрғызған.
Лазерлік – интерферометрде жарық көзі ретінде лазер қолданылады, оның көмегімен қандай
да бір объектінің қозғалысы, өте аз өзгерісі туралы дәлірек ақпарат алуға болады. Бұл
нанотехнологиядағы жетістік эксперименталды түрде гравитациялық толқындарды
анықтауға көмектесті.
Зерттеушілердің ұзақ жылғы еңбегі өз жемісін берді – олардың обсерваториясында
қара құрдымдардан пайда болған гравитациялық толқындардың дыбысы тіркелді.
Сұрақтар:
1.
Физика саласы бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығы қандай жаңалық үшін
тағайындалды?
2.
А.Эйнштейн болжамы мен ашылған жаңалықты салыстырып, қазіргі замандағы
ғылымның дамуына баға беріңіз.
3.
Болашақта гравитациялық толқындардың пайдаланылуы туралы болжам жасап көріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
-
Нобель сыйлығының қандай жаңалық үшін берілгенін
түсіндіреді;
-
қазіргі ғылымның дамуына баға береді;
-
гравитациялық толқындардың болашақта қолданылу аясын
ұсынады.
43
Document Outline - 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
- Бөлім 6.1A «Ғылым әлемі»
- 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
- Бөлім 6.2А «Заттар және материалдар»
Достарыңызбен бөлісу: |