Практикалық жұмыс № 7
Тақырыбы:
SQL тілі және мәліметтер базасының кестесіне мәліметтерді енгзу
операторлары.
Мақсаты:
Delphi-дің ішіне кіріктірілген SQL тілін қарастыру.
Delphi ортасында
мәліметтер қорында ADOQuery компоненті арқылы SQL сұраныс жасау
Теориялық түсініктеме
SQL сұраныстары үлкен көлемді мәліметтермен жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік
береді. SQL тілі – бұл мәліметтер қорына сұраныстар тілі. SQL-дің аудармасы
Құрылымданған Сұраныстар Тілі
. SQL-сұраныстардың көмегімен реляциялық мәліметтер
қорын құруға және олармен жұмыс істеуге болады. Бұл тіл стандарт ретінде қабылданған,
сондықтан, егер сіз мәліметтер
қорымен жұмыс істегіңіз келсе, осы тілді жақсы білуіңіз
керек.
SQL Америкалық ұлттық стандарттар институтымен
және стандарттау бойынша
халықаралық ұйыммен (ISO) анықталған.
Реляциялық мәліметтер қорының (РМҚ) не екенін еске түсірейік. РМҚ дегеніміз –
бағандар ретінде мәліметтер өрістері алынған, ал әрбір жолы мәліметтер сақтайтын кесте.
Әрбір кестеде жолды бірмәнді индентификациялайтын бір бірегей өріс болуы керек. Бұл
кілттік
өріс
деп аталады. Бұл өрістер көбінесе кестелерді байланыстару үшін және әрбір
жазбаның бірегейлігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер кесте байланыспаған
болса да, кілттік өріс міндетті түрде болуы керек.
SQL екі типті бола алады: интерактивті және кіріктірілген (вложенные). Біріншісі –
бұл
жеке тіл, ол сұраныстарды өзі орындайды және бірден жұмыс нәтижесін көрсетеді.
Екіншісі – бұл SQL-тіл басқа, мысалы, C++ немесе Delphi-дің ішіне кіріктірілген жағдай.
Интерактивті SQL стандарттыға анағұрлым жақын, ал
кіріктірілген тілде
ауытқулар мен қосымшалар көптеп кездеседі. Мысалы, стандартты SQL-де мәліметтердің
екі типі ғана айрықшаланады: жолдар және сандар, бірақ кейбір
өндірушілер өздерінің
типтерін қосады (Data, Time, Binary және т.б.). SQL-де сандар екі типке бөлінеді: бүтін –
integer (int) және бөлшек – decimal (dec). Жолдар 254 символ өлшеммен шектелген.
Тапсырма:
1.
Алдыңғы зертханалық жұмыста дайындалған Student кестесіндегі құрылымға
сәйкес мәліметтер қорымен жұмысты жоғарыдағы нұсқауға қарап жалғастыр:
ADOQuery және DataSource компоненттерін қос және тиісті қасиеттерін орнат;
SQL сұраныс дайында;
SQL сұранысы көмегімен іздеуді орналастыр;
SQL сұраныстарында динамикалық айнымалыны қолдануды көрсет;
Осы формалардың барлығын тиісті батырмалармен безендір;
Олардың арасындағы байланыстар нұсқаулықта көрсетілгендей орындалсын.
2.
Өз бетіңмен дайындаған Кітапханадағы кітап қоры туралы мәліметтер қорын да
жоғарыдағы нұсқауды пайдаланып жетілдір және түсіндіріп бер.
Бақылау сұрақтары:
1.
Зертханалық жұмыста ADOQuery компоненті не үшін қолданылды?
2.
SQL тілінің типтерін ата?
3.
SQL тілінің маңызы қандай?
4.
РМҚ дегеніміз не?
5.
Динамикалық айнымалы дегеніміз не және оны қандай мақсатпен қолдандық?