3. Тобыңмен талқылап, пікіріңді ортаға салып көр! a. Жоғарыда аталған әдет-ғұрыптардан өзіңе жақсы таныс үшеуін атап көр!
b. Өзіңді таң қалдырған дәстүрлерді атап көр!
c. Жас кіші үлкендердің алдында өзін қалай ұстауы қажет?
d. Ата-әжелеріңе немесе жасы үлкен аға-апаларыңа қандай құрмет көрсетесің?
e. Үлкенге құрмет көрсету не үшін қажет деп ойлайсың?
Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар үлгілері Оқылымның ішкі дағдыларын қалыптастыру үшін белігілі бір тапсырма түрі
таңдалады. Тапсырма түрлерін ұсынудағы мақсат біріншіден, оқылым дағдыларын терең
қалыптастыруға мүмкіндік беру, ал екіншіден, оқушыны бір ғана тапсырма түрімен
жалықтырып алмау. Төменде ұсынылған тапсырма түрлері «Reading, Skills for First
Certificate» (Malcolm Mann & Steve Taylore-Knowles, 2003) оқулығынан мысал ретінде
алынды.