Калашников автоматы жəне қол пулеметі. Автоматты бөлшектеу жəне жинақтау



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі141,05 Kb.
#86767
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Новый документ

Оқжатарды бөлектеу

. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің
 
маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай
ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын
ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың
бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны
«АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына
қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты
тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан
(взводтан) босатады. 


2)

Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу

. Оң қолдың
 
 
 
 
 
сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің əсерімен
ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті,
тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет. 
3)

Сүмбіні алу

. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі
 
тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып
алады. 
4)

Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен –

 
 

жалын сөндіргішін бөліп алу.
Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш
 
 
 
компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш
компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне
қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор
(жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш
компенсатордың əйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға
болады. 
5)

Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.

Сол қолмен дүмнің
 
 
 
 
мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы
механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы
қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады. 
6)

Қайтармалы механизмді бөліп алу.
Автоматты (пулеметті)
 
 
 
дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы
механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының
бойлық
ойығынан
шыққанша
ілгері
қарай
ұмсындырады;
бағыттаушы
өзектің
артқы
шетін
көтеріңкіреп,
қайтармалы
механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады. 
7)

Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу

. Автоматты (пулеметті)
 
 
 
 
сол қолмен одан əрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа
тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы
қорабынан бөлектеп алады. 
8)

Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.
Бекітпе жақтауын бекітпе
 
 
 
жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені
кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының
фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып
алады. 
9)

Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.
Автоматты
 
 
 
 
 
(пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ


түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен
кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ
камерасының келте түтігінен шығарып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет