Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет8/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

әлеуметтік жобалау әлеуметтік 


25 
басымдық әрекеттер болуы тиіс, ӛйткені, ол белгілі бір 
әлеуметтік ортаны идеалдарға сәйкес қайта жаңғырту 
қызметін атқара алады
деп түсіндіреді. Сонымен қатар, 
олар 
әлеуметтік-педагогикалық 
жобалаудың 
ғылыми 
контекстін жасаудың ӛзектілігін ұсынады. 
Жобалауды 
ой-әрекет 
жүйесі 
әдіснамасы 
негізінде қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге 
асыру 
идеясы

Жобалау 
әуел 
бастан 
техникалық 
объектілердің құрылымдық қамтамасыз етілуіне қатысты 
қызметтер атқарды. 70-жылдардың басында жобалау 
теорияларының 
тенденцияларын 
зерттеу 
барысында 
ғалымдар әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық жүйелерде, 
соның ішінде білім беруде жобалауды қолдануға болатынын 
атап кӛрсетті. Осы кездері әрекет теориясының негізінде 
қоғамдық жүйелерді жаппай жобалаудың әдіснамалық 
негіздерін құрастыра бастады. Осылайша жүйелі ой - 
әрекеттері әдіснамасы негізінде әрекеттің күрделі жобаларын 
жасау 
құралдары 
пайда 
болды. 
Жобалаудың 
эпистемологиялық тәсілі ретінде 50-жылдары Москвадағы 
логикалық үйірмеде құрастырылған мазмұндық-генетикалық 
логика алынды.
Жүйелі ой-әрекеттері әдіснамасы негізінде жобаланған 
әрекетті имитациялық - ойын түрінде кӛрсетудің әдістемесі – 
ұйымдасқан әрекеттік ойындар
–бүгінгі күні алдыңғы 
қатарлы ресейлік менеджмент тәжірибесінде кең қолданыста 
жүрген «ОДИ – организационно-деятельностные игры» – 
ұйымдастырушылық - әрекеттік ойындар атымен белгілі 
әдістеме жасалды. Аталған жүйелі ой-әрекеттері теориясына 
сай жобалау қызметінің дамытушылықты кӛздейтін идеясы 
тұжырымдамалық және технологиялық түрде дәлелденген. 
Осыған орай, жүйелі ой - әрекеттері әдіснамасы дамыту 
принциптерін табиғи немесе әлеуметтік ортада болып жатқан 
үрдістердің кейбір кӛріністері ретінде емес, қоршаған ортаны 
түсінуді ұйымдастыратын орта ретінде қарастырылуын ең 
алдымен талап етеді. Аталған принципке сәйкес дамытудың 
жалпы сипаттамасы
белгілі бір жүйенің осы кездегі 
жағдайымен салыстырғанда жобаланып отырған болашақ 
жағдайының басым тұрған құндылық екенін мойындауды 
білдіреді
. Бұл жерде жобалаушыға даму қадамдарын жүзеге 


26 
асырушы «белсенді агент» позициясы беріледі, оның 
санасында ӛзінің мақсаттық - құндылықтық ұстанымдары 
негізінде болашақтың бейнесі пайда болады және бекітіледі. 
Осылайша, жобалаудың ең басты операционалдық 
ерекшелігі

оның қайта құрулар мен жаңғыртуларға 
бағытталғандығында. Жобалау белгілі бір объектіні жаңа 
түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін 
атқарады. 
Осыған сәйкес

жобалаудың басқарудың ерекше 
қызметі ретінде дамытудың маңызы зор екені дәлелденуде. 
Әлеуметтік жүйелерде қазіргі ӛркениеттік дағдарысқа 
рефлексия ретінде ӛндірістік қызмет салаларында (әкімшілік 
басқару, ӛндіріс технологиялары т.б.) және ӛндіріспен 
байланысы жоқ салаларда – театр, бейнелеу ӛнері, әдебиет, 
философия, жаратылыстану ғылымы және педагогикада 
жалпы ғылыми және арнайы сипаттағы әдіснамалық 
проблемаларға қызығушылық пайда болды. Жекелеген және 
бӛлек-бӛлек сипаттағы ӛзгерістерді кӛздейтін дәстүрлі 
әрекеттерге қарағанда жаңа әдістердің ерекшелігі пәнаралық 
байланыстарды және тұтастықты кӛздейді. Олар бір 
жағынан, дәстүрден тыс әдістер, екінші жағынан – адамның 
жеке тәжірибесіне бағытталған әдістер.
Осылайша, 
басқарудың субъективтік факторларына 
сай
жаңа қоғамдағы қайта құрудың барлық күрделі 
құрылымдарында олардың жүйелік байланыстарын сақтап 
және жүйелік қасиеттеріне сүйене отырып, жобалаудың 
мүмкіндіктерін талдау, ұйымдастырушылық қызметінің 
мәнін ашу қажеттігі бар деп есептеледі. 
Күрделі жүйелердегі жобалау стратегиялық бағдарға 
сай жүйе құрылымдарының ӛзгермелі жағдайларда дамуына 
мүмкіндік береді, атап айтқанда: 
-жүйені белгілі бір қызметтері, қарым -қатынастары 
және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады; 
-жүйенің жаңа қарым - қатынастарын, қасиеттерін және 
икемділігін 
қалыптастыратын 
қосымша 
қызметтерді 
дамытып отырады; 
-тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа 
жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады; 


27 
-белгілі бір қызметтердің, қарым–қатынастардың және 
қасиеттерінің ӛзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп
отыруын қамтамасыз етеді; 
Кӛрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы 
жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі. Жобалау 
нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де осыдан болады.
Жобалау қызметінің негізі болып табылатын «жоба»
түсінігінің ӛзі де ғылымда түрліше қарастырылғанынан 
кӛруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар 
оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, 
әрекеттік тұрғыдан қарастырушылар жоба–жобалаудың 
мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, 
жоба–белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің 
сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті 
құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі 
бір жүйені мақсатты түрде ӛзгерту деген пікірге сай дей 
аламыз ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін 
кӛрсетеді. 
Трансформациялық 
үрдістің кездейсоқ сипатын 
болдырмау үшін басқарудағы жобалау қызметі жүйенің түрін 
ӛзгерту қызметін атқара алады.
 
Бұл жердегі жобалаудың 
атқаратын рӛлі–дәстүрлі тұтастық ішінен жаңа құрылымның 
қызметі мен орнын анықтау болып табылады. Сонымен 
қатар, жаңа құрылымның қолданылуына қажетті жағдайлар 
жасалмаса, онда ол іске де аспауы мүмкін. Жаңалықтың 
әкімшілік нұсқауларымен жүйеге ендірілуі нәтижелі 
болмайтыны тәжірибеде дәлелденіп жүргені белгілі. 
Жүйе элементтерінің сандық кӛрсеткіштеріне белгілі 
бір мақсатпен ықпал ету олардың сапалық ӛзгерістеріне 
әкеледі, соған орай, біртіндеп қасиеттері ӛзгереді, одан кейін 
қарым -қатынастары, одан әрі жүйенің қызметтері ӛзгереді. 
Осы тұрғыдан қарастыру бірте-бірте жүйенің ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыруын, ішкі және сыртқы байланыстары мен қарым 
- қатынастарын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік 
салаларды 
дамыту 
мақсатына 
жобалаудың сай ресурстық ұйымдастыру тиімділігін 
пайдалану 
идеясы

Ӛзгермелі 
ортада 
құрамындағы 
элементтердің күрделі, әрі кӛпжақты ӛзара байланысы мен 
ӛзара әрекеттесулері жағдайында күрделі жүйелердің жоғары 


28 
деңгейдегі тиімді қызметін қамтамасыз ететін тетіктерді күні 
бұрын дәл анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, басқаруды 
қатаң тәртіпте ғана ұстау әдісі оның жұмысын баяулатып, 
ӛзіндік дамыту, жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін 
тежейді. Ал, алдын-ала белгіленген мақсатты нақты бағдар 
ретінде пайдалану күрделі жүйелердің икемділігін және 
ӛзіндік ұйымдастырылуын, оның барлық деңгейлердегі кіші 
жүйелерінің іс-әрекеттеріндегі дербестікті дамытудағы түрлі 
қатынастардың ӛзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін құрал 
болып табылады. 
Жүйелік тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық 
құрылымын қалыптастырудың басты ерекшелігі–ондағы 
басты жауапкершілік қызметтік міндеттерді атқару емес, 
қойылған мақсатқа жетуді кӛздейтін
жобалау қызметін
реттеу болып табылады. Күрделі жүйелер құрамындағы кіші 
жүйелерде нақты мақсатқа жету жолдарының мазмұндық 
түрлілігіне байланысты басқару жүйесі компоненттерінің 
мақсатты
-
бағдарлы
құрылуы қызметтік бағдарлылыққа 
қарағанда тиімді екені сӛзсіз. 
Жүйелерді 
басқарудағы 
мақсатқа 
бағдарлы 
ұйымдастырушылық 
құрылым 
қалыптастырудағы 
жобалаудың 
мәнісі әрбір 
кіші жүйенің басқару құрылымы 
мен деңгейлеріне дербес мақсат пен міндеттер қоюда болып 
табылады, ал бұл мақсат
-
міндеттердің реттелген 
жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруғ
а 
мүмкіндік береді. Сӛйтіп, қазіргі замандағы күрделі
әлеуметтік жүйелерді, соның ішінде білім беруді жаңғыртуға 
қатысты ӛзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты 
ендіріліп жатқан жобалау - әлі де теориялық зерделеу, оны 
білім
саласында одан әрі пайдаланудың жолдарын айқындау 
қажеттігі бар жаңа қызмет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет