БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
Ағымдық бақылау (ауызша сұрау, жазбаша бақылау, аралас бақылау, пікірталас, тесттер
және т.б.)
Аралық бақылау тест
1. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын, белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен
сыныптағы іс-әрекеттерін нығайтады (Пажарес, 1992). Сондықтан кез келген мұғалімнің
оқыту құралдары мыналардан тұруға тиіс:
A) Білім, білік және дағдылар жиынтығынан
B) Сенім, білім және болжамдар жиынтығынан
C) Мұғалімнің жаңа идеяларды қабылдауынан
D) Өз оқытуын түсінуінен
E) Өмірдегі өз орнын түсінуінен
2. Қай білім беру теориясы «оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған
білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан
және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады» деген тұжырымға
негізделеді?
A) Құзыреттілікке бағдарланған оқыту
B)Тұлғалық бағдарлы оқыту теориясы
C) Сындарлы оқыту теориясы
D) Гуманистік оқыту теориясы
E) Дамыта оқыту теориясы
3. «Метатану» термині оқыту үдерісіне қатысты алғанда, нені білдіреді?
A) Жоғары сана B) Талантты және дарынды балаларды оқыту
C) Қалай оқу керектігін үйрету B) Оқытудағы басқару мен көшбасшылық
E) Ақпараттық кеңістік
4. Қай жағдайда балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің
тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мәнмәтін деп қабылданады?
A) «Жағдаяттық (ситуациялық) тануда»
B) «Ормандар өсіруде»
C) Қалай оқу керектігін үйретуде
Д) Диалогтік оқытуда
E) Өздігінен реттелетін оқытуда
5. Қайсысы өздігінен реттелетін оқудың элементі болып табылады?
A) Оқыту стратегияларын мұғалімнің ұсынуы
B) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы
C) «Бастама-жауап-кейінгі әрекет» формасы
B) Проблемалар мен оқыту мақсаттарын мұғалімнің анықтауы
E) Оқушылардың әрекеттерін бағалау
6. Бағалаудың мақсаты неде?
A) Оқушының тап сол кезде не оқығанын қорытындылау
B) Оқушының қай кезеңде тұрғанын анықтау
C) Жазбаша және ауызша жауаптарды бағалау
D) Болжау және іріктеу
E) Бағалар қою
7. Сыни ойлаудың негізгі дағдыларына жатпайды:
A) Мониторинг
B) Бақылау
C) Сараптау
D) Шешім
E) Интерпретация
8. Мұғалім көшбасшылығының дамуына ықпал етпейді:
A) Оқушыларды бектіліген стандарттарға сәйкес оқыту
B) Өзгеріс енгізу үшін әріптестермен бірлесе стратегиялық шешімдер
қабылдау
C) Тәжірибені жетілдіру бойынша бастаманы өз қолына алу
D) Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу
E) Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану.
9. Жиынтық бағалау мақсаты:
A) Оқуды сертификациялау немесе алға жылжыуды тіркеу, оқудың қорытындысын
шығару үшін баға қою
B) Бағаларды қорыту
C) Талантты және дарынды балаларды айқындау
D) Оқудың жалпы қорытындысын шығару
E) Ары қарай оқытуды түзету жоспарын құру
10. Келтірілген мысалдардың қайсысын қалыптастырушыі бағалаудың үлгісі ретіне
пайдалануға болмайды?
A) Мұғалім бағаны өтілген тақырып бойынша тест үшін қояды
B) Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң қысқаша
түсініктемелер жазады
C) Мұғалім оқушылардың сабақтағы бағаларын дауыстап айтады және
тәжірибені жақсарту үшін ұсыныстар айтады
D) Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын бағалайды
E) Мұғалім мен оқушы сабақ үлгерімдерінің критерийлерін бірге
жасайды
Қорытынды бақылау емтихан (тест)
1. Оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгімелесуді қандай формада қолдану
қажет деп ойлайсыз?
A) Диалог
B) Жұптық жұмыс
C) Ұжымдық жұмыс
D) Монолог
E) Топтық жұмыс
2. Оқытудағы әңгіме түрлерін атаңыз.
A) Әңгіме-дебат, кумулятивті әңгіме, зерттеушілік әңгіме
B) Талдау, қолдану, топтық әңгіме
C) Сұрақ қою, жауап алу, әңгіме-дебат
D) Зерттеушілік әңгіме, диалог, түрткі болу
E) Диспут, кумулятивті әңгіме, талдау
3. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің негізінде жатқан теория?
A) Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқыту теориясы
B) Өздігінен білім алу теориясы
C) Қашықтықтан оқыту
D) Дайын білімді таратуға негізделген «дәстүрлі» әдіс
E) АКТ-ны қолдану
4. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары қандай түсінікке негізделіп құрылған?
A) «Мұғалім – зерттеуші»
B) «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы»
C) «Мұғалім – өзгеріс жасаушы»
D) «Мұғалім – тәлімгері»
E) «Мұғалім – оқытушы»
5. Мұғалімнің бағалауды кім үшін және қалай өткізу керек екендігі туралы түсінік қайда
көрсетілген?
A) Бағдарлама мазмұнында
B) Кестеде
C) Ережеде
D) Талаптар жиынтығында
E) Бағалаудың мақсатында
6. Рефлексивті ойлаудың динамикалық үдерісі мидың қай бөлігінде өтеді?
A) Самай бөлігінде
B) Маңдай бөліктерінде
C) Төбе бөліктерінде
D) Желке бөліктерінде
E) Мишық бөлігінде
7. Төмендегі жауаптың қайсысы «Жақын арадағы даму аймағы» (ЖАДА) мәнін ашып
береді
A) Оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ықпалды
адамның көмегімен қамтамасыз ету
B) Оқушының өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінуі
C) Оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап ету
D) Оқушымен білім беру мәселері бойынша пікірлесу
E) Оқушылар өздігіне мәселелерді шешу жолдарын қарастырады
8. Оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгімелесуді қандай формада қолдану
қажет деп ойлайсыз:
A) Диалог
B) Жұптық жұмыс
C) Ұжымдық жұмыс
D) Монолог
E) Топтық жұмыс
9. Өзін-өзі реттеу моделін анықтаңыз:
A) Алға даму, нақты шешім шығару, бастамашыл, көшбасшылық
B) Эмоциялық, когнитивтік, ынталандырушылық, әлеуметтік
C) Әлеуметтік, білімділік, ынтымақшылдық, эмоциялық
D) Метатану, зияткерлік, толеранттылық, сенімділік
E) Бақылаушылық, шығармашылық, таным деңгейін арттыру, еңбекқор
10. Бағалау мен талдауда АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
A) Оқуда жаңалық жасауға ықпал ету
B) Оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі
C) Тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру
D) Ақпарат алмасу
E) Дерекқорды зерделеу
Достарыңызбен бөлісу: |