Дипломдық жұмысына Ғылыми жетекші пікірі


Жобалау нысаны құрылысын ұйымдастыру және тұрғызу



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата07.02.2022
өлшемі5,34 Mb.
#88537
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
2020 БАК ВРб Мұқтарият Ф.

2 Жобалау нысаны құрылысын ұйымдастыру және тұрғызу
технологиялары
2.1 Құрылысты ұйымдастыру шарттары, құрылыс орнын
негіздеу
Жоба алаңы: Сарыөзек-Қорғас автомобиль жолынан 70км (солтүстік -
шығысқа), 1650 мБс және 1350 мБс биіктік белгілері арасындағы Көктал
өзенінің оң жағалауы.
Құрылыс кезеңіндегі кенттің базалары мен вагондарын орналастыруға
арналған алаң әрбір ГЭС станциялық торабының алаңынан құрылыс
кезектілігіне сәйкес жақын орналасады. Қаратал ГЭС каскадының
құрылысымен ұқсас, бас тоғанымен ГЭС-1.1 құрылысы үшін 50-ге жуық
құрылысшылар штаты қажет болады, ГЭС жабдықтарын салу және монтаждау
үшін-тағы 10 адам, барлығы 60-қа жуық адам қажет [18].
Бас тоған салу үшін саздақ пен қиыршық тасты топырақты, сондай-ақ
тас карьерін және тау массасын қазу үшін карьерлер ашу қажет; барлық
карьерлерді құрылыстың жанында орналастыру қажет. Алдын ала деректер
бойынша бұл қиыршық тасты топырақ пен тас үшін мүмкін, ал саздақ бойынша
мәселе зерттеу жүргізуді талап етеді. Тас және қиыршық тасты топырақ
карьерлерінде дамбалар сүзгілерінің материалдарын және бетонға арналған
толтырғыштарды алу үшін ұсақтау-сұрыптау шаруашылығын орналастыру
мүмкіндігі мен мақсаттылығын қарастыру керек.
Барлық осы мәселелер жұмыс жобасында қаралуы тиіс. Осы ТЭҰ
бойынша бетон орнында, саздақ карьері - 6км қашықтықта, қиыршық тастар-
3км артық емес қашықтықта дайындалады.
Алаңында орналастырылатын болады:

энергетика учаскесі;

бетон дайындауға арналған бетон шаруашылығы, оның ішінде
толтырғыштар мен цемент шығын материалдары;

механизация учаскесі (ғимараттардың қазаншұңқырларын қазу,
уақытша автожолдарды салу, жергілікті құрылыс материалдарының
карьерлерін қазу, бөгетті себу;

Бетон жұмыстары учаскесі (қалыптарды жөндеу, транспортқа
арналған жабдықтар, бетонды беружәне өңдеу);

арматуралық жұмыстар учаскесі;

арнайы жұмыс учаскесі (цементтеу, дренаж);

металл конструкциялары мен механикалық жабдықтарды
монтаждау учаскесі;

тапсырыс берушінің техникалық қадағалау және авторлық
қадағалау үй-жайы.
Құрылыс алаңын сыртқы электрмен жабдықтауды ГЭС-тен қуат беруге
арналған 110 кВ ӘЖ-нің алдын ала құрылысының көмегімен немесе (шарттар
28


мен негіздемелер болған жағдайда) кернеуі 6 кВ уақытша ӘЖ (әуе желілерін)
салу жолымен ұйымдастыруға болады.
ГЭС-тің барлық ғимараттары мен құрылыстарын электрмен жабдықтау
өз мұқтаждық трансформаторынан станцияның өзінде өндірілетін электр
энергиясымен жүзеге асырылатын болады. Станцияның толық тоқтауы
кезеңінде оны электрмен жабдықтау ЭБЖ-110 бойынша энергия жүйесінен
қамтамасыз етілетін болады. "Нөлден бастап" станцияны іске қосу үшін
желілер ажыратылған жағдайда дизель-генератор қызмет етеді.
Техникалық сумен қамтамасыз ету ГЭС-тің жеткізгіш жолынан, ауыз су
тасымалданатын болады.
ҚР ҚН сәйкес 2.02-11-2002 барлық үй-жайлар автоматты өрт дабылымен
және өрт туралы хабарлау жүйесімен жабдықталған. 
Құрылыс конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалады және
отқа төзімділіктің талап етілетін шегін қамтамасыз етеді.
Жоспарлау шешімдері ғимараттың барлық үй-жайларынан
эвакуациялауды қамтамасыз етеді. Эвакуациялау жолдары табиғи
жарықтандырылады.
Шатырда өрт сөндіретін металл баспалдақ бар.
Каскадтың әрбір ГЭС-де екі өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық
кәріз жүйесі қарастырылған. Өндірістік канализация босату жүйесін қамтиды:
турбиналық суағарлар, спиральды камералар және сорғыш құбырлар (су
экологиялық таза және тазалауға жатпайды). Шаруашылық-тұрмыстық кәріз су
өткізбейтін шұңқырларға, одан кейін ассенизациялық машинамен санитарлық-
эпидемиологиялық қызмет көрсеткен орынға лақтырылады [19].
ГЭС ғимаратын жылумен жабдықтау (жылыту, ыстық сумен жабдықтау)
ТЭН типті батареялардан жүзеге асырылатын болады.
Кірме жолдар. Сарыөзек темір жол станциясы алаңнан 180км
қашықтықта орналасқан. Автокөліктің көмегімен кіреберіс Жаркент-Алматы
және Жаркент-Сарыөзек республикалық автожолы бойынша әрі қарай
Аудандық маңызы бар Арасан-Жаркент автожолымен жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, ГЭС каскадының барлық құрылыстары арасындағы өзара
байланысты қамтамасыз ету үшін ішкі жолдар да салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет