46
№3-ші кесте. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы.
Бөлім
Мазмұны
Алғашқы
Өзін-өзі тәрбиелеуге бейімделудің туындауы
Екінші
Өзін-өзі тәрбиелеуде саналы түрде
қалыптасқан
нақты ішкі шешім
Үшінші
Өзіндік анализ /талдау/ жасау, өз-өзіне сыни
көзқараспен қарау, өзін-өзі бағалау негізінде
өзін-өзі
тәрбиелеудің бағдарламасын құру.
Төртінші
Үнемі жүріп отыратын өзіндік сараптама жасау, өзін-
өзі бағалау арқылы аталмыш бағдарламаның жүзеге
асуы және сол үрдіске қажет деп есептелетін барлық
әрекет түрлерінің енгізілуі
Сонымен, жоғарыдағы авторлардың анықтамаларын басшылыққа
ала отырып, төмендегідей түйіндер жасауға болады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – жеке тұлғаға болып қалыптасудың негізгі
маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның
өзіндік
жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі
тәрбиелеу – ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы
мен олардың әдетке айналуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамды дамытуға арналаған тәрбие үрдісі.
Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде
сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі
тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу
барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу – мәдени
мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру.
Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып
табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі
таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім,
тәрбие алу, оқу
адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен
дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде
жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық
іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту –
жалпы және кәсіби
білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып
кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді.
Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына,
кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.
47
Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға
болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады
және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның
рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы
мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде
теориялық материалдарға анализ жасау
және өзін-өзі тәрбиелеу
барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін-
өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы
жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс
жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен
күнге сиреп барады. Оның себебі,
студенттер өзін-өзі басқару
үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер
мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық
жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды
дұрыс біле бермейді.
Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін-
өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал
практикалық-тәжірибелік
сабақтар
дұрыс
жүргізілмейді.
Осы
тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға
қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі
тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін
мыналарды білуі қажет:
4)
Осы үрдісті басқару принциптерін;
5)
Оның негізгі салаларын;
6)
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін.
Достарыңызбен бөлісу: