Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 2-мәтін Қиял Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән
психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік
сақталатын төзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда
болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға
түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап,
өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
(kitaphana.kz сайтынан)