33
Сондықтан одан вакуумда әр түрлі температурада қоздырғанда аталған
бөлімдер бөлініп қалып отырады. 300
0
С-тан төменгі температурада мұнайдан
жеңіл өнімдер: бензин, керосин, лигроин бөлінеді. 300
0
С-тан жоғары
температурада мазут деп атала-тын қалған бөлігінен солярлы май бөлінеді.
Осы солярлы майда қышқыл және сілтімен өңдеп, одан химиялық тұрақсыз
қосылыстарды бөліп шығарады. Сонан соң сумен жуып, кептіріп
электроизоляциялық майларды алады.
Электроизоляциялық майдың белгілеуі мен эксплуатациялық шарттарды
электротехникалық қондырғыларды әрбір жеке жағдайларда қолданған кезде;
оларға физика-химиялық қасиеттер қатынасында ұсынылатын талаптар да
өзгешеленуі тиіс.
Мұнайдан жасалынған майлар үш топқа бөлінеді: трансформаторлық,
конденсаторлық және кабельдік.
Трансформаторлық майлар күш трансформаторларында, майлы
айырғыштарда, май толтырылған жоғары вольттік өткізгіштерде (ввод),
реактор, реостаттарда т.б. электр құрылғыларында пайдаланады.
Жаңа трансформаторлық майда трансформаторлар мен аппараттарға
құюдан бұрын ГОСТ-982-80 талаптарына сәйкес сынақтан өткізіледі.
7.3.2 Синтетикалық сұйық диэлектриктер.
Трансформаторлық мұнай майлары өртке қауіпті қасиетке ие.
Бұл жағдайдан шығу жолы құрғақ трансформаторлар және өртенбейтін
электрооқшаулағыш сұйықтарды қолдану. Оған жататындар: хлорланған
дифенил (совол, совтол және басқалары), бірақ олар айтарлықтай қымбат
(200-1000есе трансформаторлық майдан). Бұл олардың қолдануын шектейді.
7.3.3 Өсімдік майлары.
Электрооқшаулағыш техникада өсімдік майлары тұтқырлы сұйықтар,
маңызды мәнге ие және оларды лак, эмаль және қатты заттарды сіңдіруде
қолданылатын әр түрлі өсімдік тұқымдарынан алады (зығыр, тунг, майсана-
ның).
Достарыңызбен бөлісу: