СЛ. Рубинштейн
бұл қағидат мэніне баса мэн беріп, оның
әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап, алға тартты. С.Л. Ру
бинштейн детерминизм қағидатын психикалық құбылыстардың
табиғаты мен мэнін талдау үшін қолданып, психикалық құбы-
лыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.
Сана мен іс-эрекет бірлігі қагидатыы.
Сана жэне іс-әрекет
— жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл қағидаттың
жүйелі зерттелуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен
іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С. Ру
бинштейн. Ол «іс-әрекет жэне сана назар аударылған объекті-
нің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; тендік емес,
бірлік» — деп жазған.
Сана мен іс-эрекет бірлігі қағидаты әрекеттің санасыз, ал
сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді.
Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы
ғана мүмкін екені дэлелденді. Әрқандай ғылыми (саналық) та-
ным эрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу
барысында көрінетін басқа психикалық үдерістерге өтуі қажет.
Осылай, сана мен эрекет бірлігі қағидаты психологияның бар-
ша объектив эдістерінің негізіне айналды.
Ғылымға бұл қағидаттыз енуі іс-әрекет теориясын дүрыс
түсінуге бағыт берді. Осы кезге дейін психологияның қай бағы-
ты болмасын, психиканы — ішкі қүбылыс, ал эрекетті — сыртқы
деп түсіндіретін. Ал сана мен эрекет бірлігі принципінен келе-
тін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып
калмайды. Осылайша, эрекет те тек тысқы кѳріністерімен
танылып қалмай, ѳзіне тэн ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қа-
сиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен
әрекет бірлігінің мэні: тұлғаның санасы мен барша психикалық
қасиеттері эрекетте көрініп қана шектелмей, сол эрекет үдері-
сінде қалыптасады да.
Адамның ішкі де, сыртқы да элемінің бастауы мен барша
мазмұны осы іс-әрекетте. Осындай пайымдаудан, сана мен
психика әрекеттің ішкі сипатын құрап, ал әрекеттің сырттан
бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті
сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден
ықтимал (С.Л. Рубинштейн). Нәтижеде, психика жөнінде эңгіме
қозғай отырып, психолог өз назарында бөлек, оқшауланған бір
құбылысты ұстамай, оны іс-әрекеттің мэнді тараптары немесе
ажыралмас бөлектері деп қарастыруы тиіс. Яғни психика ішкі
де, сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүйе, ал іс-әрекет
болса, осы психикалық жүйені өзіне қамтып, оның қызмет
атқаруына нэр беретін шексіз элем.
Даму қагидаты.
Даму категориясы философия ғьшымының
түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дар-
виннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғаш-
қыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негі-
зіне айналды. Психика дамуы психика мәселелерін зерттеуде
жалпы қағидаттық немесе эдістеме қызметін атқарады. Барша
зандылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында
қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай таны-
лады (Л.С. Рубинштейн).
Ғылыми психология дамуды түлғаның бүкіл өмір сүру үде-
рісінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.
Жантану ғылымы үшін даму қағидаты ерекше маңызға ие,
себебі оның зерттейтін нысаны — психика — өзінің аса үлкен
динамизмімен (ауысымымен) сипатталады. Барша психикалық
болмыс нақты даму үдерісінде пайда болады, жасайды жэне
өзгереді (Б.Ф. Ломов).
Психология эдістері.
Ғылым — ең алдымен зерттеу ісі.
Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пэнін анықтаумен
шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды.
Әдістер дегеніміз гыпымның пәндік мазмұнын аньщтаудың
жолдары, тәсілдері.
Ғылым эдістері жаңа зандылықтарды аша
отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады.
Осыдан зерттеу эдістері ғылымның өзімен бірге дамып, өзгеріс-
терге келіп отырады.
Зерттеу өдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай
болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойыла-
тын талаптар келесідей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі
табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;
2. Психикалық кұбылыстарды зерттеуде психофизиоло-
гиялык принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық
(биологиялық) білімдер мен болмыстарды көмекші құрал
ретінде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам эрекетін
әлеуметтік-тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-
эрекеті жэне оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы үде-
рісінде нақтылау.
Әрқандай ғылым сияқты психология да қилы әдістердің тұ-
тас жүйесін пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми психология-
сында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
—
үйымдастыру әдістсрі
өз ішіне салыстыру өдісі (әркандай
топты жасы, қызметі ж. т. б. бойынша салыстыра, зерттеу); лон-
гитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралы-
ғында қайталап, зерттеп бару); кешендік эдіс (зерттеуге эртүрлі
ғылымдар өкілдері қатысып, бір нысанды жан-жақты, эртүрлі
құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нэтижесінде санқилы
құбылыстар мен байланыстар жэне тәуелді қатынастарды ашу
мүмкіндігі туады. Мысалы, түлғаның физиологияпық, пси-
хологиялық жэне әлеуметтік түргыдан даму байланысы.
—
эмпирихалык әдістер.
Бұл топқа енетіндер: бақылау мен
өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи,
қалыптастырушы) эдістер; психологиялық нақтама (психодиаг
ностика): тест, анкета, сауалнама, социометрия, интервью, әңгі-
мелесу эдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау
эдістері; өмірбаянымен танысу эдістері.
—
деректерді өңдеу эдістері:
сандық (статистикалық) жэне
сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) эдістері.
—
реттеу-тузету эдістері:
аутотренинг, топ тренингі,
психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйретім эдісі.
|